Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет24/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

Негiзгi 
гистосәйкестiк 
кешендерінің 
гендерi
(Major 
Histocompatibility Complex – MHC-кешені
,
немесе адамдағы HLA кешенi - 
Human Leukocyte Antigens). Бұл гендердің өнімі ағзаның барлық ядросы 
бар жасушаларының бетiнде орналасқан. Олар антигендердi тануда және 
иммунологиялық серпiлiстердiң қалыптасуында маңызды рөл атқаратын 
гистосәйкестiк антигендерi – гликопротеидтердiң түзiлiсiн бақылайды. 
HLA-комплексiнiң гендерi кейбiр цитокиндер мен комплемент жүйесiнiң 
және пропердин жүйесiнiң нәруыздарының түзiлiсiн бақылайды. 
МНС 
нәруыздары 
– 
иммуноглобулиндер 
мен 
Т-жасушалар 
рецепторларынан басқа, ағзаның барлық нәруыздарының iшiндегi алуан 
түрлi нәруыздары. Антиденелер және Т-лимфоциттердiң рецепторлары бiр 
ағза iшiндегi лимфоциттердiң әр клонында әртүрлi болады, ал МНС 
нәруыздары әр адамда әртүрлi. МНС нәруыздарының негiзгi үш түр класы 
белгiлi. Олардың екеуi – I және II класы антигендердi тану үрдiсiне 
қатысады.
МНС нәруыздарының I-шi клас молекулары екi полипептидтi 
тiзбектен – үлкен - 

(ол мөлшерi бойынша IgG-дiң ауыр тiзбегiне сәйкес 
келедi) және кiшi - 

-тiзбегiнен тұрады. МНС нәруыздарының I-шi клас 


28 
молекулары ағзадағы барлық жасушалардың бетiнде кездеседi, тек 
эритроциттердiң бетiнде болмайды. 
МНС нәруыздарының II-шi клас молекулары да екi полипептидтi 
тiзбектен (

және 

) тұрады, бiрақ екi тiзбектiң мөлшерi бiрдей 
(иммуноглобулиндердiң жеңiл тiзбектерiнiң мөлшерiндей). Олар бiрқатар 
жасушалардың бетiнде ғана кездеседi, ең алдымен, В-лимфоциттердiң
моноцит-макрофагтардың, 
дендриттiк 
жасушалардың 
және 
мамандандырылған эпителий жасушаларының бетiнде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет