Байланысты: shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk
Комплемент жүйесінің бұзылыстарын диагностикалау мәселелері Көптеген аурулар кезінде комплемент жүйесіне баға беру әдістері
толық ақпарат бермейді, бірақ бұл жүйені одан ары қарай зерттеулер
аурудың әртүрлі кезеңдерінде комплементтің нәруыздары мен/немесе
оларға
арналған
рецепторларының
концентрациясы
бойынша
индивидуалды өзгерістер динимикасына қорытынды жасауға мүмкіндік
береді. Анамнезінде генетикалық аномалиялармен байланысы бар жиі
бактериалды жұқпалар болған жағдайда
комплемент жүйесін міндетті түрде зерттеу керек. Жүйелі қызыл жегі ауруы да комплемент жүйесінің
туа біткен жетіспеушілігімен жиі ассоциацияланған.
Көптеген аурулар кезінде қан сарысуында комплемент компоненттерінің
деңгейі төмендейді. Комплементтің жетіспеушілігі оның пайдалануының,
ыдырауының және тежегіштер өндірілуінің жоғарылауымен байланысты
болуы мүмкін, сондай-ақ компоненттердің өндірілуінің генетикалық
тұрғыда төмендеуі, аутоантиденелердің әсері және басқа да факторлар
әсерінен болуы мүмкін. Клиникада комплемент компоненттерінің
концентрациясының
төмендеуі
туралы
мәліметтер
жоғарылауына
қарағанда маңызды. Себебі, комплементтің компоненттері жедел кезеңдік
нәруыздар қызметін атқаратын болғандықтан, олардың деңгейінің
жоғарылуы тек өндірілудің жоғарылауын ғана емес, сонымен қатар қабыну
үрдісі мен тежегіштердің жетіспеушілігін және т.б. жағдайларды
сипаттауы мүмкін.
Комплемент жүйесінің проблемалары иммунологтардың үнемі
назарында. Әрине, алғашында комплемент тек жұқпалардан қорғану
механизмі ретінде ғана қарастырылған. Комплементтің нәруыздарына
арналған рецепторлардың ашылуы және басқа да реттегіш факторлардың
анықталуы комплемент жүйесіне басқа көзқараспен қарауға мүмкіншілік
берді. Комплемент жүйесінің активтенуінің жетіспеушілігі бірқатар
аурулардың патогенезінде маңызды рөл атқаратыны белгілі болды.
Комплементтің иммундық жүйесінің қызмет атқаруындағы шынайы орны
мен көптеген ауруларының патогенезіндегі маңызын әлі де анықтау керек.