Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


-ші сурет. HLA-антигендердің тұқым қуалауының кодоминанттілігі



Pdf көрінісі
бет175/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

27-ші сурет. HLA-антигендердің тұқым қуалауының кодоминанттілігі 
XX ғасырдың 60-жылдарында иммунды жауаптың гистосәйкестік 
антигендерімен байланысқан генетикалық рестрикция феномены 
ашылған. Оның негізі бойынша, Т-хелперлер бөгде антигенді тек өз 
организмнің HLA II класс антигендерімен комплекс түрінде ғана 
тануына кабілеті бар екені анықталған (28-ші сур.). 
HLA II класс антигендерi ковалентсіз байланысқан молекулалық 
деңгейлері 34 және 28 кД трансмембраналық гликопротеидтен құралған 
(α және β-тізбектер) полипептидтерге жатады. Олар жасушаішілік 
молекулалық 
деңгейі 
30 
кД 
тұратын 
трансмембраналық 
гликопротеидпен байланысқан.
HLA III класс антигендерге комплемент жүйесінің нәруыздары (С2, 
С4 – комплементтiң компоненттерi) мен Вf – пропердин жүйесiнiң В-
факторы жатады. С2 мен пропердиндік фактор – молекулалық деңгейі 
100 және 90 кД тұратын протеиндердің бірлікті пептидтік тізбектері 
болып келеді. С4 – дисульфидтік көпірмен байланысқан үш тізбектен 
тұрады: 95 кД-қ α –тізбек, 75 кД-қ β-тізбек және 30 кД-қ γ-тізбек. Толық 
молекуланың деңгейі 200 кД-ға тең.
Гаплотиптер 


185 
М Н С 1
М Н С 2
А г
С и н т е з А т
С и н т е з а А т н е т
28-ші сурет. Иммунды жауаптың генетикалық рестрикциялануы 
HLA-гендердiң полиморфизмы және популяцияда таралуы 
Медициналық теориялық және практикалық мәселелерi, сонымен 
қатар «HLA және аурулар» мәселесiн шешуде ең маңызды сұрақ - ол 
HLA-
антигендерiнiң популяцияда
таралуы. 
HLA-жүйесiнiң гистосәйкестiк 
антигендерiнiң таралуы айқын заңдылыққа сүйенедi, бұл заңдылықтар 
статистикалық талдау әдiстерiн қолдану кезiнде анықталады. 
Популяциялық талдау белгiлi бiр популяцияда геннiң таралу жиiлiгiн 
айқындауға, гаплотиптердiң, фенотиптердiң локус ішiндегi жиiлiгiн 
және бiр хромосомада орналасқан әртүрлi локустардың гендерi 
арасындағы 
генетикалық 
ассоциациясының 
(байланысу) 
жиiлiгiн 
есептеуге мүмкiндiк бередi.
Популяциялық талдау өткiзу үшiн сау адамдар (бақылау тобы) мен 
белгiлi нозологиялмен науқастанған адамдар арасында HLA-iрiктеу 
өткiзiп, гендер жиiлiгiмен антигендер жиiлiгiн салыстырады.
Популяциялық зерттеулердi екiге бөледi: популяцияiшiлiк – ауру 
адам мен сау адамдардың арасындағы HLA-iрiктеудi бiр географиялық 
аймақта өткiзгенде; популяцияаралық – науқас адам мен сау адамның 
арасындағы HLA-iрiктеудi әр түрлi географиялық аймақта өткiзгенде.
Адамдарда HLA-аллельдердiң түрлiлiгi көптеген (200 миллионнан 
асады) варианттарын бередi. Мысалы, европеоидтарға HLA-А1, HLA-В8, 
HLA-Сw5, негроидтарға – HLA-А23, HLA-А28, HLA-А30, HLA-А34, HLA-
Вw58, HLA-Вw42, монголоидтарға – HLA-А9, HLA-А11, HLA-А24, HLA-
Аw31, HLA-Вw52, HLA-Bw61, HLA-DR4 HLA-DR9 тән.
Сонымен қатар, HLA-А30 антигенi 17% зерттелген негроидтерде, 1% 
европеоидтарда кездеседi, ал жапондарда мүлдем анықталмаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет