Байланысты: shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk
аурулары (ИКА). Ол
айналымдағы иммундық кешендердiң көп
түзiлуiмен
түсiндiрiледi, оның
құрамына IgG (1,3) және/немесе IgМ кiредi, әрі қарай олар капиллярлар эндотелийiне, паренхиматозды мүшелердiң мембраналарына, синовиалдық қабықтарда жиналып – иммундық кешен преципитаттарын құрайды (32-ші сурет).
Әрi қарай,
комплемент жүйесiнiң классикалық жолымен белсенуi болады. Осыдан
деструкциялық - қабыну үрдісі дамиды.
Қабыну – экссудациялық түрде өтедi. Комплементтiң белсенуінен түзiлген
С5а компонентi
базофилдер, эозинофилдер және нейтрофилдер хемотаксистiк әсер етiп, қабыну ошағына шығуын қамтамасыз етедi. Иммундық кешендер Fc-рецепторлар арқылы
макрофагтарды белсендiрiледi, олар болса қабынуды дамытуда басты қызмет атқаратын
цитокиндердi, негiзiнен
IFN- және ИЛ-1 бөледi.
Иммундық кешендер базофилдермен Fc-рецепторлар арқылы
байланысып, одан экссудациялық қабынуды күшейтетiн
вазобелсендi аминдердiң (гистамин, серотонин) бөлуiн тудырады.
Полиморфты-ядролық
лейкоциттер
экзоцитоз
жолы
арқылы
иммундық кешендер жиналған жерде өзiнiң
лизосомалық ферменттерiн шығарады, осыдан тiндердiң зақымдалуы жүредi.