Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


антигендерге екiншiлiк иммундық жауап



Pdf көрінісі
бет38/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

антигендерге екiншiлiк иммундық жауап
әртүрлi болып келедi. Қайталама Т-тәуелсiз антиген енген кезде 
иммундық жауап
IgM
басым болатын бiрiншiлiк жауапқа ұқсас келедi, ал Т-тәуелдi 
атигендерге екiншiлік иммундық жауап бiрiншiлiкке қарағанда бiршама 
күштiрек болады және түзiлетiн антиденелердiң көп бөлiгiн 
IgG
құрайды.
Антигендердiң негiзгi қасиеттерi 


40 
Заттарды антигендер ретiнде сипаттайтын 
негiзгi қасиеттерге 
жатады:
бөгделiк, антигендiк, иммуногендiк және арнайылық.
Бөгделiк
– 
ағзаның әр түрiне немесе жеке индивидумдарға арналған 
антигеннiң өзгешелiгiн көрсететiн генетикалық тағайындалған жеке 
қасиетi.
Антигеннiң берiлген ағзаға бөгделiгi, иммундық жүйенiң ағзаны 
биологиялық агрессиядан қорғау сияқты негiзгi қызметiмен байланысты. 
Агрессия жиi микроағзалар, вирустар, паразиттер және олар бөлетiн 
токсиндер түрiнде байқалады; берiлген микроағзалар және оның өнiмдерi 
жоғарғы тiрi жандарға бөгделiк болып табылады. Эндогендiк агрессия 
(iсiктердiң өсуi) жасушалардың белгiлi бiр бөгделiк қасиетке (мысалы, iсiк 
жасушаларының бетiнде iсiкерекшелiк антигендердiң экспрессиясы) ие 
болуымен де байланысты. Барлық жағдайларда антиген ағзаға «өзiндiк 
емес» ретiнде танылу қажет. Нәтижесiнде антиген бөтен субстанция 
сияқты, ағзаға өте қауiптi молекула түрiнде көрiнедi. Р.В. Петровтың 
анықтауы бойынша, «антигендер бұл бөтен генетикалық бағдарлама алып 
жүрушi биологиялық заттар мен молекулалар».
Антигендiк – заттардың қандай бiр иммундық серпiлiс шақыру 
мүмкiншiлiгi: көп немесе аз мөлшерде антидене түзiлуiн, күштi немесе 
әлсiз көлемдегi жасушалық иммундық серпiлiстер шақыратын заттар.
Антигендiк антигеннiң химиялық құрылысына, беткей орналасқан 
детерминантқа, антигендерге жауап беретiн клон құрастыратын, жасушалар 
санына және антиген енгiзiлген ағзаның түрлiк сипатына байланысты. 
Антигендiк қауiптiлiктiң ерте белгiсi ретiнде маңызды, себебi ағзаға түскен 
қауiптi заттардың әсерi бiрден көрiнбейдi, ағза олардың потенциалдық 
агрессиясын тек антигендiк қасиетiнiң болуымен таниды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет