Росс Данн, Лора Дж. Митчелл Panorama: Дүниежүзі тарихы
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАҢА ОҚУЛЫҚ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАҢА ОҚУЛЫҚ
Роберт Ф. Трагер Дипломатия: Коммуникация және халықаралық тәртіп негіздері Роберт Трагердің бұл кітабында дипломатиялық амал-тәсілдердің халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі қарастырылады. Автор жабық есік жағдайындағы әңгімелесудің халықаралық тәртіп орнату мен соғыстардың басталуына қалай түрткі болатынын ойын теориясына сүйеніп, нақты тарихи мысалдар көмегімен ашып көрсетеді. Кітаптың басты зерттеу нысаны – «құпия дипломатия» және оның механизмдері.
Бұл еңбекке Британ империясының көпжылдық дипломатиялық байланыстар тарихынан сыр шертетін «Құпия жазбалар» деген атпен белгілі мұрағат деректері арқау болған.
"Дипломаттар мен мемлекет басшылары өз одақтастары мен қарсыластарының ниет-пиғылы, мүддесі мен жоспары туралы қалайша ой түйеді?" деген сұраққа автор айрықша мән берген. Бұл зерттеудің теориялық-эмпирикалық әдістемесінен туындаған тұжырымдардың оқырманға ой салары сөзсіз.