60
буландыруға шығындалатын жылудың мөлшері
оның меншікті булану
жылуына да тура пропорцио нал өседі:
Q ~ r.
Жоғарыдағы екі өрнекті біріктіріп, төмендегі формуланы аламыз:
Q
= r · m
.
Бұл формуламен массасы
m
сұйықты қайнау температурасында буға
айналдыруға қажет болатын жылудың мөлшерін анықтайды.
Жоғарыдағы формуладан
меншікті булану жылуын анықтап, оның
физикалық мағынасын аша аламыз:
r = Q/m.
М
еншікті булану жылуы
деп тұрақты қайнау температурасында
заттың бір өлшем массасын буға айналдыруға қажетті жылудың
мөлшерін айтады.
Бірліктердің Халықаралық жүйесінде меншікті булану жылуы Дж/кг
бірлігімен өлшенеді.
Эксперименттік
зерттеулер заттың
меншікті булану жылуының
оның
меншікті конденсациялану жылуына тең
екендігін анықтады.
Жоғарыдағы графикте (сурет 2.7)
меншікті булану жылуы
EF кесін-
дісімен, ал
меншікті
конденсациялану жылуы
FG
кесіндісімен бейне-
ленген.
5.
Заттардың булану және конденсациялану процестерін зерттеуге ар-
налған эксперимент нәтижелерінен мынадай қорытындылар туындайды.
Зат буланған кезде қанша жылу мөлшерін алған болса, сол зат кон-
денсациялану барысында сонша жылу мөлшерін бөліп шығарады:
Достарыңызбен бөлісу: