Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет10/239
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#95161
түріКнига
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   239
 
а)
 
Табиғи висмут – поликристалдық дене; ә) монокристалдық дене
а
)
ә
)
Сурет 1.3. Поликристалдық 
құрылым
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


9
бал аралары әр гүлдің ауаға тараған иістерінен бірнеше километрге 
дейінгі аралықтан дәл тауып, шырын жинай алады.
Диффузия құбылысының практикадағы қолданыс аясы да кең. Мы-
салы: металдарды балқытып, бір-біріне жалғау немесе әр түсті қымбат 
металдармен өрнектеп қақтау, сондай-ақ дәнекерлеп жамау сияқты 
жұмыстар да диффузияға негізделген. Ерітінділер мен әртүрлі қоспалар 
алу да, кез келген денелер мен заттарды бір-бірімен желімдеп жапсыру 
да диффузия құбылыстарының пайдалы жағын сипаттайды. Қант зауыт-
тарында ауылшаруашылық өнімдерінің (қызылша мен сәбіздің, тәтті та-
мырлар мен тростниктердің) белгілі бөліктерін кесіп алып суға салады. 
Олардың бойындағы қантты ерітіп бөліп алу технологиялары да диффу-
зия құбылыстарына сүйенеді. 
Диффузия құбылысының тигізетін зияны да зор. Химия өнеркәсібінде, 
радиоактивті заттарды өңдейтін қондырғыларда, жылу электр стансы-
ларында, іштен жанатын қозғалтқыштарда, мұнай өңдейтін зауыттарда 
денсаулыққа аса зиянды әртүрлі өнімдер мен қалдықтар сыртқы ортаға 
шығарылады. Олар диффузия арқылы дем алатын ауаға, ішетін суға, 
жейтін тағамдарға тарап, адамдар мен жан-жануарлардың ағзаларында 
қатерлі өзгерістер туғызып, зор зардап шектіреді. Ал оларға темекінің 
түтіні, арақ пен есірткінің дәмі қосылса, адамды жылдам аздырып, оның 
өмір жасын бірнеше ондаған жылдарға қысқартады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет