145
§29.
ЭЛЕКТР ТОГЫНЫҢ ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ
ХИМИЯЛЫҚ ӘРЕКЕТІ. ФАРАДЕЙ ЗАҢЫ
1.
Металдарда электр тогын тек электрондар ғана тасиды. Мұндай
электрондардың металдарда қалай пайда болатынын түсіндірейік.
Металдардың атомдары кристалдық торға біріккенде өте жақын ор-
наласады да, ең сыртқы қабаттарындағы электрондарын ығыстырып
шығарады. Атомдармен байланыстарын үзіп, босап шыққан электрон-
дарды
еркін электрондар
деп атайды. Атомдар сыртқы қабаттағы теріс
зарядты электрондарынан айырылып, оң зарядты иондарға айнала-
ды да, кристалл тордың түйіндерінде орналасады. Еркін электрондар
кристалл тордың ішінде бейберекет қозғалыста болады (сурет 5.28,
а
).
Металл өткізгіштер ток көзіне қосылғанда олардың ішінде пайда
болған электр өрісі еркін электрондарды өрістің кернеулік векторы-
на (
Е
) қарама-қарсы бағытта қозғалтады (сурет 5.28,
ә
). Осылайша,
электрондардың бағытталған қозғалысы электр тогын (
І
) туғызады.
Сөйтіп,
металдарда электр тогын тек еркін
электрондар
ғана та-
сиды.
Ал оң зарядталған иондар өріс күшінің әрекетінен бұрынғысына
қарағанда қарқындырақ тербеліс жасайды, алайда кристалл тордың
түйіндерінен босап шыға алмайды. Ендеше, иондар металдарда электр
тогын тасуға қатыспайды; керісінше, электрондардың бағытталған
қозғалысына бөгет болып, металдардың электр кедергісін арттырады
да, ток күшін азайтуға себепкер болады.
2.
Электр өрісі туғызылған жағдайда электр тогы металл өткізгіштерде
ғана емес, сұйық ерітінділерде де, газдарда да пайда болады. Сұйық
ерітінділерде электр тогын
иондар
тасиды,
ал
газдарда электр тогын
тасуға
Достарыңызбен бөлісу: