шын (өйткені жорамал емес, нақты шағылған сәу-
лелермен анықталған),
төңкерілген және
кішірейтілген кескін болып
табылады.
4. Кескінді алудың жоғарыда көрсетілген әдісі және сәулелерді
таңдауға қойылатын үш шарт нәрсенің орналасу қалпына тәуелсіз барлық
сфералық айналар үшін бірдей қолданылады (сурет 7.12). Сондықтан
оларды қайталап жатпай-ақ нәрсенің әртүрлі орналасу кезіндегі сфералық
айнада пайда болатын кескіндерін қысқаша сипаттайық.
Нәрсе (біздің мысалымызда шам) айнаның центрі мен фокусының
арасында орналассын (сурет 7.12,
ә ). Бұл жағдайда алынатын кескін