Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


бас фокусы деп атайды  да, ал дөңес линзаны  жинағыш линза



Pdf көрінісі
бет209/239
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#95161
түріКнига
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   239
бас фокусы
деп атайды 
да, ал дөңес линзаны 
жинағыш линза
дейді.
Егер ауада орналасқан ойыс линзаға бас оптикалық өске парал-
лель сәулелер түсірсек, олар линзадан сынып, шашыратылған сәулелер 
шоғын түзеді (сурет 7.23, 
ә
). Бұл сәулелер линзаның алдындағы F 
нүктеден шыққандай болып көрінеді (пунктир сызықтардың түйілісі). 
Бұл нүктені линзаның 
жалған бас фокусы
деп атайды да, ал ойыс лин-
заны 
шашыратқыш линза
дейді.
Егер ауада орналасқан жинағыш линзаға қосалқы оптикалық өске 
параллель сәулелер түсірсек, олар линзадан сынып, бас өстен тыс 
F

нүктеде тоғысады (сурет 7.23, 
б
). Бұл нүктені дөңес линзаның
 қосалқы 
фокусы 
деп атайды. Дөңес линзаның барлық қосалқы фокустары бас фо-
кус арқылы өтетін бас оптикалық өске перпендикуляр жазықтың бойын-
да жатады. 
Дөңес линзадағы сияқты ойыс линзаның да қосалқы жалған фокуста-
рын салып көрсетуге болады. Олар да ойыс линзаның бас жорамал фоку-
сын басып өтетін бас оптикалық өске перпендикуляр жазықтың бойында 
орналасады.
3. 
Линзаның 
фокус қашықтығы
және 
оптикалық күші
деп аталатын 
шамалар оның негізгі сипаттамалары болып табылады.
Фокус қашықтығы
 деп линзаның бас фокусынан оның центріне дейінгі 
қашықтықты айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет