Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Ток көзінде зарядтарды бөлектейтін электрлік емес күштерді



Pdf көрінісі
бет115/239
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#95161
түріКнига
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   239
Ток көзінде зарядтарды бөлектейтін электрлік емес күштерді
бөгде күштер
деп атайды.
5. 
Электр тогы жүруінің тағы бір шарты зарядтарды үздіксіз өткізіп 
отыратын әртүрлі өткізгіштер мен ток көзінен тұратын 
тұйық электр 
тізбегі
болып табылады (сурет 5.4).
Тұйық электр тізбегі
деп ток көзінен, жалғастырғыш өткізгіш-
терден және электр энергиясын тұтынушы құралдардан тұратын 
тізбекті айтады.
Электр тізбегі 
сыртқы
бөлік
және 
ішкі бөлік
деп аталатын екі 
бөліктен тұрады. Тізбектің сыртқы бөлігін
 
жалғастырғыш өткізгіштер 
және электр энергиясын тұтынушы құралдар, ал ішкі бөлігін ток көзі 
және оның ішіндегі құрылымдық элементтер құрайды. 
Тізбектің ішкі бөлігінде электр энергиясына электрлік емес энер-
гиялар түрленеді, ал сыртқы бөлігінде электр энергиясының басқа 
энергияларға түрленуі орын алады. Мысалы, тізбекке қосылған шамда 
(сурет 5.4) электр энергиясы көрінетін жарық сәулесінің энергиясына 
және көрінбейтін инфрақызыл сәуленің жылу энергиясына түрленеді. 
Сондай-ақ электрқозғалтқыштарда – механикалық энергияға, үтіктер 
мен электр плиталарында жылытқыш элементтердің ішкі энергиясына 
түрленеді. Өз кезегінде қызған элементтердің ішкі энергиялары жылу 
алмасу жолымен сыртқы ортаға белгілі жылу мөлшерін береді.
Сурет 5.4. Электр тізбегіндегі 
ток көзінің, шамның және 
кілттің шартты белгілері
Сурет 5.3:
 
а) электролиттегі оң және теріс зарядтар;
ә) Талдықорғанда шығатын «Барс» аккумуляторы
ә
)
а
)
+ Анод Катод –
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


117


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет