§32. 1. Электр өрісі мен магнит өрісінің арасында күрделі байланыстардың
бар екендігін алғаш рет кім ашты және оларды қандай тәжірибелер
айғақтайды?
2. Тогы бар түзу өткізгіштің төңірегіндегі магнит өрісінің күш сызықтары
қалай орналасады? Олар қалай анықталған?
3. Тогы бар түзу өткізгіштің төңірегіндегі магнит өрісінің күш сызықтары
қалай бағытталады?
4. Тогы бар шарғының төңірегіндегі магнит өрісінің күш сызықтары қалай
анықталады? Ерекшеліктері қандай?
5. Тогы бар өткізгіштердің магнит өрістерін сипаттайтын тәжірибелерден
қандай қорытындылар туындайды?