Магнитэлектрлік жүйеге жататын аспаптар
(сурет 6.14,
а
)
екі бөліктен тұрады. Оның
қозғалмайтын бөлігі
екі ойыс полюстік
ұштары бар тұрақты магниттен (1) және қозғалмайтын болат өзектен
(2) тұрады.
Қозғалатын бөлік
өлшеуіш механизмді құрайтын сырты-
на өткізгіш сым оралған рамадан (3) және оған бекітілген екі жар-
ты өстен (4) тұрады. Алюминий раманың сыртына оралған лакталған
мыс сымының ұштары екі жарты өске бекітілген серіппелерге (5)
жалғанады. Өлшеу кезінде серіппелердің бірі тұрақты токтың оң,
екіншісі сол полюсіне (сурет 6.14,
а
) қосылады да, раманың орамдары-
нан электр тогы өтеді. Токтың күшіне қарай рама және оған бекітілген
аспаптың тілі (6) де әртүрлі бұрыштарға бұрылып, шкаладан өлшеу
нәтижелерін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |