Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Зат есімнің грамматикалық категориялары, түрлері.
2. Зат есімнің жекелік-көптік мағынасы, берілу жолдары.
3. Көптік (сандылық) категориясы, берілу тəсілдері.
4. Зат есімнің тəуелдік категориясы жəне тəуелдік мағынаның берілу
жолдары.
5. Септік категориясы мен септік жалғауларының арақатынасы,
мағынасы мен қызметі.
6. Зат есімнің жіктелуі, ерекшелігі.
6. Сын есім
Сын есімдер есімдер тобында зат есімдерден кейін өз алды-
на жеке сөз табы ретінде қарастырылып, басқа сөз таптарынан
мағыналық, тұлғалық, құрылымдық сипатымен ерекшеленеді. Түркі
тілдерінде сын есімді алғаш сөз еткен – профессор Казем-Бек. Ол
4–1136
50
өзінің «Түрік-татар тілінің грамматикасы» еңбегінде сын есімнің
шырай категориясын қарастырады. Сын есім туралы деректер алтай
тілі грамматикасында да кездеседі. Онда əрбір сапалық сөздің түбір
күйінде əрі сын есім, əрі үстеу сөз болатыны, сол сияқты кейбір
сөздер əрі зат есім, əрі сын есім ретінде қолданылатыны айтылады.
Мұндай тілдік құбылыстар қазіргі қазақ тілінде де сақталған.
Жалпы тіл білімінде сын есім мəселесін И. А. Батманов (Части
речи в киргизском языке.- Фрунзе, 1936), Н. П. Дыренкова (Грам-
матика ойротского языка.-М-Л.,1940, Грамматика шорского языка.-
М-Л.,1941), А. П. Кононов (Грамматика узбекского языка. -Ташкент,
1948), Н. А. Баскаков (Ногайский язык и его диалекты.-М-Л.,1940),
Н. К. Дмитриев (Грамматика кумыкского языка. -М-Л.,1940, Грамма-
тика башкирского языка. -М-Л.,1948) т.б. ғалымдар зерттеді.
Қазақ тіліндегі сын есімді алғаш сөз еткендер – М.Терен-
тьев (Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская.
-СПБ,1878), П. М. Мелиоранский (Краткая грамматика казах-
киргизского языка.-СПБ,1894), В. В. Катаринский (Грамматика кир-
гизского языка, фонетика, этимология и синтаксис. -Оренбург, 1897).
П. М. Мелиоранский қазақ тіліндегі сын есімнің, сырт қарағанда,
зат есімнен еш айырмашылығы жоқтығын айтқанымен, оның негізгі
жəне туынды түрлері барлығын, туынды түрі жұрнақтар арқылы жа-
салатынын көрсетіп, олардың мағынасын ашуда біршама ізденістер
жасаған. Ал В. В. Катаринский аталған еңбегінде сын есімдерді сапа
жəне қатыстық сындары деп екі топқа бөліп қарастырады. Алай-
да сын есімдердің мағыналық түрлерін жіктеуде, олардың аражігі
нақты көрсетілмейді, сондай-ақ қатыстық сын есімдерге тілдегі сын
есімнің орнына қолданылатын зат есімдерді жатқызады (
ағаш үй,
алтын сағат,
т.с.с.).
Сын есім жөніндегі түрліше көзқарастар қазақ тілін зерттеуші
түркітанушы ғалымдардың ғана емес, қазақ зерттеуші ғалымдарының
еңбектерінде де айтылады. А. Байтұрсынов сын есімдерді тек сыны
жəне сыр сыны деп екі түрге бөліп, тек сынына нəрсенің тегін
көрсететін
ағаш (аяқ), күміс (қасық), қағаз (ақша)
т.с.с. сөздерді,
ал нəрсенің ішкі, тысқы сырын, реңін, яғни түрін, түсін, тегін,
тұлғасын, пішінін, жайын, күйін көрсететін
биік, аласа, толық, олақ,
көк, жасыл
т.с.с. сөздерді сыр сынына жатқызады. Ғалым қатыстық
сын есім туралы сөз етпегенімен, қатыстық сын есім жасаушы
кейбір жұрнақтарды зат есім мен етістіктің ішінде қарастырған. Ал
С. Аманжолов, І. Кеңесбаев анықтауыш қызметіндегі зат есімдерді
51
сын есімдер деп түсіндіріп, сын есімдерді мағыналық сипаты-
на қарай тек сыны
(ағаш үй, алтын жүзік
), функционалдық сын
(
шай қасық,
т.с.с.) деп топтастырады. Қ. Жұбанов заттың не істің
тұрақты белгісін сан белгі жəне сипат белгіге бөліп, «заттың не істің
сипат белгісін көрсететін түбірді» сын есім деп атайды. Сондай-
ақ тек сыны жөнінде «сөз таптарының бір-бірінен енші алысып
болғандары да, болмағандары да бар:
Достарыңызбен бөлісу: |