90
синтетикалық формалы сөздерде грамматикалық мағына қосымша-
лар арқылы берілсе, аналитикалық формалы сөздерде көмекші
морфема мен көмекші сөздің тіркесімі арқылы, яғни аналитикалық
форманттар арқылы беріледі. Тіл антиномияларының бір-біріне
қарама-қарсы бола тұра, бірін-бірі жоққа шығармауы, керісінше,
бірін-бірі толықтыруы тілдегі аналитизм жəне синтетизм
құбылыстарының арақатынасынан да айқын көрінеді.
Етістіктердің аналитикалық формаларын түркі тілдерінде алғаш
рет А. Юлдашев өзінің «Түркі тілдеріндегі етістіктің аналитикалық
формасы» еңбегінде қарастырып, аналитикалық формалардың
жалпы теориялық мəселелері мен грамматикалық категорияларға
қатысын саралап, етістіктің елуден астам аналитикалық формантта-
рын бөліп көрсетеді. Бұл еңбек түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ
тіл біліміне жаңа бағыт əкеліп, сөздің аналитикалық формасының
жалғамалы тілдерде де зерттелуіне жол ашты.
Қазақ тіл білімінде бұл мəселе алғаш Қ. Жұбановтың 1936 жылы
жарияланған «Заметки о вспомогательных и сложных глаголах»
деген мақаласында қарастырылады. Ғалым «құрылысында синте-
тизм белгілері сақталған жалғамалы тіл бола тұра, қазақ тілінің де
етістіктердің категорияларын шатастыратын морфологиялық даму
кезеңінен өтіп жатқандығына» назар аударып, қазақ тіліндегі
отыр,
тұр, жатыр, жүр
қалып етістіктерінің көмекші етістік қызметінде
негізгі етістіктердің қандай формаларымен тіркесетіндігіне
тоқталады. Соның негізінде қалып етістіктері арқылы жасалған
етістіктің осы шақ категориясының мынадай түрлерін бөліп көрсетеді:
1) Əмбебап осы шақ (настоящее универсальное). Форматив –
Достарыңызбен бөлісу: