127
2. Көмекші есімдерді тауып, олардың қолданысы мен мор-
фосемантикалық ерекшелігін, түрлену жүйесін түсіндіріңіздер.
Қала арасы салт аттыға соншалық қолайлы емес. Көше бойының
шыныланып қалған қалың қары, көк аттың тағасы тиген сайын
сықырлай түсіп, кірш-кірш етеді. Жас жігіт талайдан бері көкейін
тескен бір түйіннің шешуін тапқандай боп, қуанып кетті. Дөң ба-
сында ауыр оймен жалғыз отырып қалды. Артына бірнеше бұрылып
қарағанда, аналары үйге кірмей, ұзақ қарап тұр екен (М. Əуезов).
Ауыл үстінде ұзақ қалқыған күшігендердің самарқау қимылынан тез
жалыққан балалар тарап кеткен соң да, Жəкеннің өндіршегі созылған
қалпы қотан ортасында селтиіп жалғыз қалып еді. Əншейінде
аңшылық, саятшылықтан басқа сөзді сөз деп санамайтын Жəкен бұл
жолы елеңдеп, қайта-қайта сыртқа шыға беріп еді. Шай қайнатым
уақыт өткен шақта аспан төрі сөгіліп келе жатқандай өткір суыл үй
ішіндегілерді селт еткізген (А. Сейдімбек).
Достарыңызбен бөлісу: