Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет14/101
Дата14.12.2021
өлшемі457,37 Kb.
#127017
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   101
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

Жүзім, Алма, Шырын, Қуаныш, Бақыт,
 т.б. 
адам атаулары жалқы есімдерге жалпы есімдерден, 
астаналық, 
қарағандылық, ресейлік
 тəрізді зат есімдер жалпы есімге  жалқы 
есімдерден ауысқан. Зат есімнің мағыналық топтарының арасындағы 
мұндай құбылыстар тілдегі омонимдердің пайда болуының бір 
жолы ретінде қаралады. Өзге тілдердегідей, қазақ тілінде де жалпы 
зат есімдерге қарағанда жалқы есімдер сан жағынан аз кездеседі. Зат 
есімдердің бұл топтары мағыналық сипатымен қатар грамматикалық 
жəне емле жағынан да ерекшеленеді. Грамматикалық тұрғыдан 
алғанда, жалқы есімдер мен жалпы есімдердің ерекшеліктері 
олардың жекеше немесе көпше түрде жұмсалуымен анықталады. 
Жалқы есімдер тек жекеше түрде, жалпы есімдер екі тұлғада 
да қолданылады. Ал жалқы есімдер белгілі бір стилистикалық 
қолданыста ғана көптік жалғауын қабылдайды. 
Деректі жəне дерексіз есімдердің мағыналық топ ретіндегі 


31
ерекшеліктері: деректі зат есімдер көзбен көріп, қолмен ұстауға 
келетін, дəмін, түр-түсін көзге елестетуге болатын нақты зат атау-
ларын сипаттаса, дерексіз зат есімдер, керісінше, көзге көрінбейтін, 
қолға ұсталмайтын, тек ойлау, топшылау арқылы танылатын жалпы 
зат атауларын сипаттайды.  
Дара жəне жинақтық зат есімдерді А. Ысқақов даралық жəне 
жинақтық, Н. Оралбай дара жəне жинақтық зат есімдер деп атай-
ды. А. Ысқақов зат есімдердің даралау жəне жинақтау қабілетінің 
бар екендігіне назар аударып, белгілі бір ұғымдарды жинақтап, топ-
тобымен білдіретін зат есімдерді жинақтық, ал керісінше, даралау, 
бөлу ұғымын білдіретін зат есімдерді даралық зат есімдер деп атай-
ды. Н. Оралбай бір түрлі зат атауларын дара зат есімдерге, біртектес 
əртүрлі заттардың ортақ атын білдіретін сөздерді жинақтық 
мағыналы зат есімдерге жатқызады. Олардың арасындағы басты 
айырмашылық: дара зат есімдер құрамына əртектес, əртүрлі затар 
енсе, жинақтық мағыналы зат есімдер тек біртектес зат атаулары-
нан ғана құралады. Мысалы,
 кітап, орындық, қағаз, жүзім, қауын,
 
т.б. – дара зат есімдер; 
жеміс, ағаш, жəндік, құс, 
т.б. – жинақтық 
мағыналы зат есімдер. Бұл топтағы жинақтық мағыналы зат есімдер 
құрамына тек бір-бірімен байланысты зат атаулары ғана кіреді. Мы-
салы, 
құс
 зат есімінің құрамына 
бұлбұл, торғай, қаршыға, бүркіт, 
т.б. сөздер енсе, керісінше, 
емен, қайың, қарағай 
тəрізді сөздерді 
енгізуге болмайды. Дара жəне жинақтық зат есімдердің арасындағы 
мұндай айырмашылық олардың тек-түрлік қатынасына негіз 
болады. 
Зат есімдердің мағыналық топтарының ішінде реңдік мəнді 
есімдер зат есімдердің басқа мағыналық топтарынан морфологиялық 
құрылымы мен мағынасы жағынан ерекшеленеді. Ғалымдардың зат 
есімдердің мағыналық топтарын жіктеуге қатысты тұжырымдарында 
реңдік мəнді зат есімдер бірде эмоциялы-экспрессивтік (А. Ыс-
қақов), бірде түрлі реңк мəнді (Н. Оралбай) зат есімдер деп атал-
са, «Қазақ грамматикасында» (2002) реңдік мəнді зат есімдер мен 
эмоция-экспрессия реңі бар зат есімдердің аражігі ажыратылып, 
зат есімнің дербес топтары ретінде берілген. Егер зат есімдер түбір 
тұлғада тұрып, заттық мағынаны білдіретін болса, реңдік мəнді 
зат есімдердің бірқатары зат есім түбіріне реңк мəнін тудыратын 
қосымшалардың жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, 
ақынсымақ, 
өлеңсымақ, көлшік, төбешік, əкей, апай, апатай,
 т.б. А. Ысқақов 
реңдік мəнді зат есімдерді «затты я заттық ұғымды əдеттегіше 


32
атаумен қатар, сол аталған заттың сын-сипат жағынан қандай 
екенін қоса қабат білдіре атайтын, олардың кейбір өзіндік сипа-
тын нақтылай түсіп, əсерлеу не бейнелеу жолымен сезіми түрде 
қолданылатын» зат есімдердің мағыналық тобы ретінде анықтаса, 
Н. Оралбай зат есімдердің заттарды атап қана қоймай, сөйлеушінің 
пікірін қоса білдіретін тобын реңк мəнді зат есімдер деп атайды. 
Эмоция-экспрессия реңі бар есімдердің реңдік мəнді зат 
есімдерден басты айырмашылығы: бұл топқа мағыналық 
құрамында эмоционалды-экспрессивтік реңі бар зат есімдер 
негіз болады. Егер реңдік мəнді зат есімдер зат есім түбіріне реңк 
мəнін тудыратын түрлі жұрнақтардың жалғануы арқылы жасал-
са, эмоция-экспрессия реңі бар есімдер зат есімдердің тікелей өзі 
арқылы беріледі. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет