Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет148/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
Этиология және патогенезі 
ИЭ қоздырғыштары болып грамм оң және грамм теріс
бактериялар, 
саңырауқұлақтар, 
риккетсиялар, 
хламидиялар, 
микоплазмалар, 
вирустар 
саналады. 
ИЭ 
шақыратын 
микроағзалардың көп түрлілігіне қарамастан, аурудың негізгі 
қоздырғыштары болып стрептококк пен стафилококк қала береді. 
ИЭ даму үшін жүрек қақпақшаларының құлақшаларында
қоздырғыштың көптеп көбеюі мен бекітілуі керек. Бұған
гемодинамикалық себептер әсерінен тамырлар қабырғасының 
немесе қақпақшалар эндотелийінің бүтіндігінің бұзылысы алғы 
шарт болады. Мұнда үлкен зақымдаушы рөлді жүрек 
қуыстарындағы жоғары қысым және қанайналымның жоғары 
жылдамдығы ойнайды. Қақпақшалар жеткіліксіздігі бар 
науқастарда турбулентті қан ағымының пайда болуы эндотелийдің 
зақымдануын, 
қан 
ағымы 
жылдамдығының 
азаюына, 
қоздырғыштың эдокардта бекітілуін жеңілдетуге алып келеді. ИЭ 
дамуында 
гемостаздың 
бұзылуы 
маңызды 
орын 
алады. 
Қақпақшаларда немесе қарыншалардың қабырғамаңы эндокардта 
микроағзалардың 
көбеюі 
қақпақшалық 
стеноз 
немесе 
жеткіліксіздіктің дамуымен жармалардың тез бұзылуына әкеліп 
соғады. Вегатация бөліктерінің жұлынуы жүрек, бас ми, бүйрек, 
көкбауыр, бауыр, аяқ – қолдар мен өкпе тамырларының 
эмболиясына әкелуі мүмкін (жүректің оң жақ бөліктерінің 
эндокардиті кезінде) мүшелер инфаркты дамуымен жүреді. 
 
Диагностикалық өлшемдері
ИЭ симптомдары қоздырушы себептің әсерінен кейін (мысалы, 
тіс экстракциясы) 1 – 2 апта ішінде пайда болады. Жедел ИЭ өте 
тез дамиды (науқастар 3—10 тәулік ішінде қайтыс болады), жоғары 
қызбамен (40°С жоғары) және симптомдардың көптігімен; ағымы 


274 
аса ауыр болады. Жеделдеу ИЭ әдетте біртіндеп басталады, ұзақ 
ағымды және әр түрлілігі аурудың диагностикасын әжептеуір 
қиындататын симптомдармен жүреді ( 22- кесте ). 
22-кесте. Инфекционды эндокардиттің клиникалық көріністері 
[Кардиологтардың Еуропалық қоғамының ұсыныстары, 2009] 
ИЭ – ке келесі жағдайларда күмәндану керек:
1.Регургитацияның жаңа жүректік шуы
2. Шығу тегі белгісіз эмболиялық жағдайлар
3. Шығу тегі белгісіз сепсис (әсіресе, егер инфекциямен шақырылған ИЭ – 
пен біріккенде)
4. Қызба: ИЭ – тің ең жиі белгісі* 
ИЭ – ке күмәндану керек, егер қызба мыналармен біріксе:

Жүрекішілік протезді материалмен (мысалы, 
протезделген қақпаша, кардиостимулятор, имплантталған дефибриллятор, 
хирургиялық өткізгіш )

Сыртартпада басынан өткерген ИЭ

Жүректің бастан өткерген қақпақшалық ауруы 
немесе ЖТА (ВПС)

Басқа ИЭ – ке әкелетін жағдайлар (мысалы, 
иммунды тапшылықты жағдайлар, дәрілік заттарды тамыр ішілік енгізу)

Бактериемиямен байланысты ауруға әкелетін 
және жақында басынан өткерген араласулар

Іркілістік жүрек жеткіліксіздік белгілері

Өткізгіштіктің жаңа бұзылысы

ИЭ 
– 
тің 
типтік 
каузативті 
қоздырғыштарымен қанның позитивті дақылдары немесе созылмалы Ку – 
қызбаның 
позитивті 
серологиялық 
нәтижелері 
(микробиологиялық 
мәліметтер жүректік көріністермен бірге жүруі мүмкін )

Тамырлық 
немесе 
иммунологиялық 
көріністер: эмболиялық жағдайлар, Рота дақтары, нүктелік қанқұйылулар, 
Janeway зақымданулары , Ослер түйіндері. 

Фокальды 
немесе 
ерекше 
емес
нейрологиялық симптомдар және белгілер

Өкпелік эмболия/инфильтрация белгілері (оң 
жақтық ИЭ)

Перифериялық 
абсцесстер 
(бүйректік, 
көкбауырлық, церебральды, вертебральды) белгісіз этиологиялы
*Қызба егде адамдарда антибиотиктермен алдын ала емдегеннен кейін, 
иммунды тапшылығы бар пациенттерде және атипті немесе аз вирулентті 
микроағзаларды қосқанда ИЭ кезінде болмауы мүмкін.


275 
ИЭ – тің жалпы мойындалған диагностика өлшемдері
болатыны DukeUniversityMedicalCenter – де құрастырылған DUKE 
өлшемдері болып табылады — инфекционды эндокардиттің 
түрлендірілген диагностикалық өлшемдері [Li J. и др., 2000]. 
Морфологиялық өлшемдері. 

Дақылда микроағзаларды анықтау 
немесе гистологиялық зерттеуде вегетацияны, эмболдардың
вегетациясын, жүрекішілік абсцесстерді анықтау. 

Патологиялық 
өзгерістер: 
белсенді 
эндокардитті гистологиялық дәлелдеумен вегетациялар немесе 
жүрекішілік абсцесс. 
Клиникалық өлшемдер. 
А. Негізгі өлшемдер. 

ИЭ – тің типтік қоздырғыштарының 
өсуімен 
қанның 
бактериологиялық 
зерттеуінде 
(S.viridans, 
Streptococcus bovis, HACEK-тобы: Haemophilus spр., Actinobacillus 
actinimycet emcomitans, Cardiobacterium hominis, Eikenella spр., 
Kingellakingae, сонымен бірге ауруханадан тыс штаммдар S.aureus, 
Enterococcus spp. іріңді ошақ жоқ болғанда) 12 сағат аралығында
алынған екі бөлек қан сынамасында немесе барлық үшеуінде немесе 
4 ішінде көптеген сынамаларда және 1 сағат ішінде алынған 4 
немесе одан да көп сынамаларда оң нәтижелі болуы. Coxiellaburnetii 
немесе IgG – дің C. Burnetii – ке 1:800 көп титрын анықтауға 
арналған бактериологиялық зерттеудің бір ретті оң нәтижесі 
алынды. 

Эхокардиографияда анықталған белгілер: 
—жүрек 
қақпақшаларында 
немесе 
қақпақшаасты 
құрылымдарындағы вегетация ; 
—миокардта, фиброзды сақина абсцессі; 
—протезделген қақпақша дисфункциясы; 
— алғаш пайда болған қақпақшалық жеткіліксіздік. 
Протезделген қақпақшаның ИЭ – не күмән туған кезде 
пациенттерге жүргізуге
ЧПЭхоКГ
ұсынылады.
Б. Қосымша өлшемдер. 

Қақпақшалардың алдында зақымдалуы немесе инъекционды
наркомания. 

38°С жоғары қызба. 

Тамырлық симптомдары: артериалдық эмболиялар, өкпе 


276 
инфаркты, 
микотикалық 
аневризмалар, 
бас 
қаңқаішілік 
қанқұйылулар, Лукин—Либман симптомы, Джейнуэя дақтары. 

Иммунологиялық 
көріністер: 
гломерулонефрит, 
Ослер 
түйіндері, Рота дақтары, ревматоидты факторға оң сынама. 

Негізгі өлшемдерге сәйкес емес оң нәтиже немесе 
инфекционды эндокардиттің мүмкін болатын қоздырғыштарына 
антиденелердің жоғары титры. 
ИЭ сенімді, егер 2 негізгі өлшем немесе 3 немесе 5 қосымша 
және 1 негізгі мен 3 қосымша өлшем ұсынылатын болса; 
ИЭ мүмкін, егер 1 негізгі және 1 қосымша немесе 3 қосымша 
өлшем болғанда. 
Қанды бактериологиялық зерттеу (дақылдандыру) 
Диагностиканың басты өлшемі болып қоздырғышты бөліп 
алу есептеледі. Бұл ИЭ диагнозын дәлелдеуге ғана емес, 
стандартты терапия тәртібін анықтауға мүмкіндік береді.
ЭхоКГ 
Әдіс жүрек қақпақшаларындағы вегетацияларды, фиброзды 
сақина абсцесстерін, қақпақша құлақшаларында перфорациясын 
және жүрекішілік жыланкөздерді анықтауға мүмкіндік береді.
ИЭ диагностикасы үшін келесі зертханалық зерттеулерді 
қолданады:
Жалпы қан талдауы (ЭТЖ 90% көп науқастарда 
жоғарылаған, ИЭ кезіндегі қалыпты ЭТЖ – ын ЖЖ бар науқастарда 
ғана анықтайды; шамалы нормоцитарлы нормохромды анемия 70—
90% 
жағдайларда 
анықталады, 
лейкоцитоз 
— 
10—30% 
жағдайларда); 

Биохимиялық қан талдауы (креатинин деңгейінің жоғарылауы
ИЭ бар 10—30% науқастарда); 

Қанда ревматоидты факторды анықтау ( 50% науқастарда); 

ОИК 
титрларын анықтау (ОИК жоғары титрда 65—100% 
науқастарда, емдеу әсерінен ОИК жоғалады); 

Сарысу ақуыздарының электрофорезі (диспротеинемия — γ-
глобулиндердің жоғары деңгейі, кейде γ2-глобулиндердің —ИЭ 
ауыратын көптеген науқастарда); 

Иммуноглобулиндер 
комплемент 
деңгейін 
анықтау 
(гипокомплементемия 5—40% жағдайларда, әсіресе диффузды 
гломерулонефритте); 


277 

Жалпы зәр талдауы (50—65% науқастарда протеинурия 
болуы мүмкін, 30—50% науқастара — микрогематурия). 
Алайда бұл зерттеулердің нәтижелері қосымша мағынаға ие.
Кеуде қуысының рентгенографиясы кезінде жүрек 
көлеңкесінің ұлғаюы және ЖЖ мен айқын қақпақшалық ақауы бар 
науқастарда кіші қанайналым шеңберінде іркіліс белгілері 
анықталуы мүмкін. Рентгенография кезінде сонымен бірге эмболия 
нәтижесінде пайда болған өкпе инфарктын анықтауға болады.
Іш қуысы мүшелерінің УДЗ және КТ ішкі мүшелердің
инфаркттары 
мен 
абсцесстерін 
мүмкін 
болатын 
тромбоэмболиялармен науқастарда анықтау үшін қолданады. Дәл 
осы мақсатпен бас миының КТ мен МРТ (эмболияның клиникалық 
белгілері болғанда) қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет