Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет154/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Диагностикалық өлшемдер
Ауру физикалық жүктеме немесе тыныштықта пайда болатын 
ентігумен дамиды. Созылмалы сол жақ немесе оң жақ қарыншалық 
жеткіліксіздігімен қосарлана жүретін жүрек бұлшық етінің 
зақымдалуы мен жүрек ырғағының бұзылысы 
(қарыншаүстілік, қарыншалық) жетекші клиникалық симптомдар 
болып қызмет етеді.
Науқастар тұрақты түрде мынаны байқайды: 

әлсіздік, тез жаршағыштық; 

күшейтілген немесе жылдамтатылған жүрек қағуы, жүрек 
жұмысында үзілістер бар сияқты әсер

физикалық 
жүктемемен 
байланыссыз, 
нитраттарды 
қабылдағанда басылмайтын, бірнеше сағаттан бірнеше күнге 
созылатын жүрек аумағындағы сыздап және тартып
ауырсыну 
немесе дискомфорт,
Бұл шағымдар спицифиалық емес және көптеген жүрек – 
қантамыр ауруларында кездеседі. 
Кіші және/немесе үлкен қан айналым шеңберінде қан айналым 
жеткіліксіздігінің құрамына кіреді: 

физикалық жүктемеде және тыныштықта пайда болған ентігу; 

жүрек астмасының ұстамалары, ортопноэ; 

пароксизмальды түнгі ентігу, құрғақ жөтел; 

акроцианоз, қол мен аяқтың бақайларының тоңуы

әр түрлі айқындылықтағы перифериялық ісінулер (тобықтар 
ісінуінен
анасаркаға дейін), гидроторакс, асцит болуы мүмкін; 

бауырдың ұлғаюы мен онық фиброзды қабықшасының 
(глиссонды капсуласының) созылуынан оң жақ қабырға астындағы 
ауырсыну сезімі; 

никтурия, зәр мөлшерінің азаюы. 
Физикальдық тексеру
Кіші және/немесе үлкен қан айналым шеңберінде қан айналым 
жеткіліксіздігінің белгілері: 


288 

Өкпе аускультация кезінде өкпенің төменгі бөліктерінде 
ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар

Мойын веналарының ісінуі, әсіресе көлденең қалыпта; 

гепатомегалия 
Онымен қоса мұндай науқастарда жүрек бұлшық еттінің 
зақымдалуының белгілерін анықтайды: 

жүректің I тон әлсіруі;

диастолалық шоқырақ ритмі; 

жүрек ұшы түрткісінде сол жақ жүрекшенің дилатациясынан 
пайда болған, митралды қақпақшаның жеткіліксіздігін көрсететін 
систолалық шуыл; 

перкуссия кезінде жүректің аумағының кеңеюі. 
Зертханалық тексеріс 
Алғаш рет анықталған этиологиясы белгісіз кардиомегалия 
кезінде қанды серологиялық, иммунологиялық және биохимиялық 
кешенді тексеру арқылы жедел инфекциялық және инфекциялық 
емес миокардитты анықтайды.
Креатинфосфокиназа (КФК) және МВ-фракция (КФК-MB) 
деңгейінің жоғарлауы жедел миокардтың немесе нейробұлшық 
еттік ауруларды дәлелдейді. Жүректің миокардтың қабатындағы
ишемиялық ошақты да ескерген жөн.
Қандағы темір мен трансферрин деңгейінің жоғарлауы ДКМП 
себебі болатын гемохроматозды дәлелдейді.
Гипонатриемия мен креатинин, несепнәр (бүйрек қызметінің 
бұзылу белгілері), фибриноген, альбумин, холинэстераза (бауыр 
қызметінің 
бұзылу 
белгілері) 
деңгейінің 
жоғарлауы
гемодинамиканың айқын бұзылғандығының дәлелі.
ЭКГ 
ЭКГ өзгерістер әр түрлі және ерекше емес. Құрамына кіреді: 

әр түрлі ырғақ бұзылысы (ЖФ, қарынша үстілік және 
қарыншалық экстрасистолия, тұрақсыз қарыншалық тахикардия 
болуы мүмкін); 

өткізгіштік бұзулысы (сол жақ Гис аяқшасының блокадасы 
ДКМП 20%, жиі QRS кешенінің ерекше емес кеңеюі, P—Q 
интервалының ұзаруы); 

СҚ және сол жақ жүрекше жүктеме/гипертрофия белгілері (V1 
мен V6 тіркемелерінде R тісшесінің амплитудасының ақырындап 
көтерілуі, V5 мен V6 тіркемелерінде Q тісшесінің тереңдеуі); 


289 

Т тісшесінің ерекше емес өзгеруі. 
ЭхоКГ 
Кардиомегалиямен аурутын науқастар зерттейтін негізгі әдісі. 
ДКМП кезінде эхокардиографиялық зерттеу жүрекшенің кеңеюімен 
қосарлана жүретін СҚ мен ОҚ дилатациясын, СҚ жиырылуының 
диффузды төмендеуін (СҚ шығару фракция 45—50% құрайды) 
анықтайды.
Кеуде қуысының рентгенографиясы 
Кардиомегалия кезінде жүрек көлеңкесінің айқын кеңеюі, 
аурудың кеш дәрежелерінде кіші қан айналымындағы іркілістер 
анықталады. 
Жүрек катетеризациясы 
Жүректің сол жақ бөлігін катетеризациялау СҚ диастололық 
қысымы толығымен бағалап, жүректің минуттық көлемін және 
шығару фракциясынның дәрежесін толық анықтайды. Бұл әдіс 
инвазивті және бағасы қымбат болғандықтан тек ЖЖ ауыр 
декомпенсация сатысында жүргізіліп жатқан терапия нәтижелігін 
бағалау үшін ғана қолданылады.
Коронарография 
Бұл зерттеу ЖИА ауруын ДКМП даму себебі ретінде жоққа 
шығаруға мүмкіндік береді. (ЖИА кезінде СҚ систолалық қызметі 
коронарлы қан айналымнан кейін жақсарады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет