Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
71
қоғамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың жарғылық
капиталдарына Қордың салымдары болып табылады.
Қазақстан инвестициялық қорының
инвестициялық қызметi
– ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестиция салуды,
инвестициялық жобалар бойынша ақпарат жинау мен өңдеудi,
маркетингтiк, инжинирингтiк және өзге де зерттеулердi, жос-
парлы-болжамдық және жобалау-сметалық құжаттарды қамта-
масыз етуге қатысуды, сондай-ақ инвестицияларға бақылау
ұйымдастыруды қамтитын, Қордың инвестицияларды жүзеге
асыруға байланысты қызметі.
ҚР-ның Үкіметі белгілейтін және Қазақстанның инвестиция-
лық қорының акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және
пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган
уәкілетті орган
болып табылады, ол:
қордың акциялар пакетін басқару функциясын жүзеге
асырады;
қордың инвестициялық қызметі бойынша есептілігінің
құрамын, формаларын және оны беру мерзімін бекітеді;
қордың қаржы құжаттары мен бухгалтерлік есептілігінің
дұрыс жүргізілуін және мазмұнын, сондай-ақ Қор қыз-
метінің ҚР заңдарының талаптарына, Қордың жарғысы
мен инвестициялық декларациясына сәйкестiгiн бақы-
лауды жүзеге асырады.
Қазақстан инвестициялық қоры туралы ҚР-ның заңдарына,
ҚР-ның Конституциясына негізделеді және ҚР-ның Азаматтық
кодексінен, «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» заңы және
өзге де нормативтік-құқықтық актілерден тұрады. «Инвес-
тициялық қорлар туралы» ҚР-ның заңы бұл қорға қолданылмай-
ды. «Акционерлік қоғамдар туралы», «Инвестициялар туралы»
және «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР заңдарының ереже-
лері Қорға «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» заңмен
реттелмеген бөлігінде қолданылады. ҚР-ның бағалы қағаздар
нарығы туралы заңдарының бағалы қағаздар нарығында брокер-
дилер қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін белгi-
ленген пруденциалдық нормативтерді және қаржылық тұрақты-
лықтың өзге де көрсеткiштерiн сақтау бөлiгіндегi талаптары
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
72
Қорға қолданылмайды. Егер ҚР бекіткен халықаралық шартта
осы заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық
шарттың ережелері қолданылады.
Қорды құру және оның қызметі «Қазақстанның инвестиция-
лық қоры туралы» заңында көзделген ерекшеліктерді ескере
отырып, ҚР-ның акционерлiк қоғамдар туралы заңдарында
көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Қорды қайта ұйымдастыру және тарату ҚР-ның заңдарында
белгіленген негіздер бойынша және тәртiппен жүзеге асыры-
лады. Қордың өз инвестициялық портфелiн басқару жөнiндегi
қызметi лицензияланбайды.
ҚР-ның мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамда-
рының заңсыз Қор қызметiне араласуына тыйым салынады.
Қазақстан инвестициялық қорының
Достарыңызбен бөлісу: