Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
37
банк жүйесінің тұрақтылығы;
саяси тұрақтылық;
табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету;
инвестициялық қызметтің құқықтық реттеу дәрежесі
және нормативтік-құқықтық актілердің болуы;
инфляция қарқыны;
сыртқы экономикалық байланыстар дәрежесі;
білікті жұмыс күшінің болуы;
мемлекеттік нарық әлеуетінің сипаты;
нарық инфрақұрылымының және валюта нарығының
дамуы.
Шетелдік инвесторлар осы көрсеткіштерді бағалап мемлекет-
тегі инвестициялық климатты
жағымды
немесе
жағымсыз
екендігін анықтайды. Егер инвестициялық климат жағымды
болса, инвестиция бойынша шешім қабылдайды.
Инвестициялық климат
инвестициялық саясаттың әсер ету
объектісі болып табылады. Бұл бір жағынан инвестициялық
саясатты жасау үшін алғашқы жағдайларды анықтаса, ал екінші
жағынан инвестициялық саясаттың нәтижесі болып табылады.
Шетелдік капиталды импорттайтын елдер инвестицияны
белгілі бір себепке байланысты қажет етеді:
елдің экономикалық дамуын қаржыландыруда қаражат
жетпеушілігі мен халықтың жұмысбастылық деңгейін
көтеру үшін қажет етеді;
аймақтық шаруашылық құрылымдарды жетілдіру және
жаңа техника мен технологияларды алу, бәсекеге
қабі-
леттілікті көтеру үшін тартады.
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климатты
келесідей факторлармен сипаттауға болады:
Саяси фактор
– мемлекеттік саясат, халыкаралық келісімдер,
заңнамалық және атқару құрылымдарының тұрақтылығы мен
мемлекеттің экономикаға қатысу деңгейі.
Қаржы-экономикалық фактор
– экономиканың жалпы жағ-
дайы, валюта-қаржылық және несие жүйелерінің жағдайы,
кедендік төлемдер мен жұмыс күшін пайдалану деңгейі.
Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦
38
Достарыңызбен бөлісу: