Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет164/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

ІШКІ ҚҰЛАҚ
Ішкі құлақ (auris interna) сүйекті және жарғақты лабиринттерден тұрады. Сүйекті лабиринт (labyrinthus osseus) самай сүйектің тасты бөлігінде дабыл қуысынан ішке қарай орналасады. Ол бір-бірімен байланысатын қуысты кіреберістен, үш сүйекті жартылай дөңгелек түтіктерден және ұлудан тұрады.
Пішіні эллипс тәрізді кіреберіс (vestibulum) лабиринттің орталығын алып жатыр. Кіреберіс қуысының медиалды қабырғасы вертикалды қыр арқылы үш ұңғылға бөлінеді: жартылай дөңгелек түтіктердің бес тесігі ашылатын эллипстік (recessus ellipticus), оның алдында орналасатын сферикалық (recessus sphericus) және алдыңғы екеуінің арасында, төменде орналасатын ұлулық (recessus cochlearis). Соңғы екі ұңғыл тікелей ұлу өзекшелерімен байланысады. Ұңғылдарда кіреберіс нервінің шеткі өсінділері өтетін торлы
дақтар (maculae cribrosae) болады. Кіреберістің сыртқы қабырғасында кіреберіс терезесі (fenestra vestibuli) мен ұлу терезесі (fenestra cochleae) орналасады.
Үш алдыңғы, артқы және латералды сүйекті жартылай дөңгелек өзектер (canals semicirculares ossei) кіреберістен артқа және сыртқа орналасып, бір-біріне үш перпендикулярлы жазықтық бойынша жатады: алдыңғы – сагитталды, артқы – фронталды және латералды – горизонталды. Әр өзекте доға мен екі аяқшаны ажыратады, екі аяқшаның біреуі кіреберіске ашылатын кезде ампула (ampulla ossea) түрінде кеңейген. Жартылай дөңгелек өзектер аяқшаларымен кіреберіске ашылады: барлық аяқшалар жеке тесіктермен ашылады, ал алдыңғы және артқы жартылай дөңгелек өзекшелердің көршілес (ампуладан бос) аяқшалары кіреберіске ашылғанға дейін бір жалпы аяқшаға бірігеді. Нәтижесінде үш өзектің кіреберіске апаратын бес тесігі болады.
Лабиринттің алдыңғы төменгі бөлігін түзетін ұлу (cochlea) сүтқоректілерде, соның ішінде адамда барынша дамыған. Ол ұшына қарай біртіндеп тарылатын және сүйекті білік (modiolus) айналасында екі жарым айналым жасайтын иірмелі өзектен (canalis spiralis cochleae) тұрады. Сүйекті білік ұшы сыртқа, ал ішкі есту жолының түбінен түзілетін негізі ішке бағытталып, горизонталды орналасады. Білік негізінде ұлу нервінің талшықтары өтетін, біліктің иірмелі өзегіне (canalis spiralis modioli) апаратын көптеген ұсақ тесіктер болады. Өзектің ішінде біліктің сыртқы бетінде екі жарым айналым жасайтын жұқа сүйекті иірмелі табақша (lamina spiralis ossea) болады, ол ұлу өзегі қабырғасының қарама- қарсы жағына толық жетпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет