Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет6/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Мойын омыртқалары (vertebrae cervicales)
Мойын омыртқалары (vertebrae cervicales) – 7. Омыртқалардың басқа бөліктерінен басты ерекшелігі көлденең өсінділерінде омыртқалық артерияны бассүйек қуысына бағыттайтын тесік (foramen processus transverses) болуы. Сонымен қатар, ІІІ-ҮІІ мойын омыртқалырының көлденең өсінділерінің ұштары артқысы меншікті көлденең өсінді болса, алдыңғысы қабырғалардың рудименті болып саналатын екі төмпешікке айырылады. ҮІ мойын омыртқаның алдыңғы төмпешігі жақсы жетілген, оған жалпы ұйқы артериясы жанасып жатыр, ұйқы артериясы жарақаттанғанда осы төмпешікке басып, қанды уақытша тоқтатуға болатындықтан оны ұйқы төмпешігі (tuberculum caroticum) деп атаған.
Мойын омыртқалырының денелері кішілеу, сопақша пішінді, үстіңгі және астыңғы беттері біршама ойыстанған. Буын өсінділерінің беттері жайпақ, олар 45° бұрышпен артқа қисая орналасқан. ІІ-ҮІ мойын омыртқаларының қылқанды өсінділері қысқалау, ұштары екіге айырылған, ал ҮІІ омыртқаның қылқанды өсіндісі өте жақсы дамыған, артқа қарай біршама шығып тұрады да, оның ұшын теріастынан сипап табуға болады, сондықтан ол шығыңқы омыртқа (vertebrae prominens) деп аталады. Бірінші (атлант) және екінші (білікті омыртқа) омыртқалар бассүйекті омыртқа бағанасымен байланыстыратындықтан олардың пішіні басқалау болып келеді.
Атланттың (atlas) ерекшелігі - денесінің көп бөлігін жоғалтуы, ол эволюция үрдісінде екінші омыртқаның тісін құруға жұмсалған. Атлант алдыңғы қысқалау және артқы ұзындау екі доғадан тұрады (arcus anterior et posterior). Алдыңғы доғаның ішкі бетінде екінші мойын омыртқасының тісімен байланысатын буын беті, ал сыртқы бетінде кішігірім төмпешік орналасқан. Артқы доғаның артқы бетінде артқы төмпешікті (қылқанды өсінді рудименті), ал үстіңгі жиегі бойында қиғаш бағытталған омыртқа артериясының жүлгесін байқауға болады. Өте кең омыртқа тесігінің екі жанында атланттың бүйір массалары (massa laterales atlantis), ал олардың жоғарғы беттерінде жұп сопақша иілімді бассүйекпен қосылатын жоғарғы буындық шұңқыршалар (fovea articulares superiores), төменгі беттерінде жайпақтау, сопақ, білікті омыртқамен қосылатын төменгі буындық шұңқыршалар (fovea articulares inferiores) орналасқан.
Білікті омыртқаның (axis) басқа мойын омыртқаларынан айырмашылығы денесінің жоғарғы бетінде вертикалды орналасқан тіс тәрізді өсіндінің немесе тістің (dens) болуы, ол бассүйектің атлантпен бірігіп, айналатын бойлық бөлігін түзеді. Тістің алдыңғы бетінде атланттың алдыңғы доғасының буындық шұңқыршасымен қосылатын кішігірім буындық бет орналасқан. Көлденең өсінділері әлсіз дамыған, ұштарында көпшілік мойын омыртқаларындағыдай алдыңғы және артқы төмпешіктер жоғалған.
Кеуде омыртқалары (vertebrae thoracicae), тұлғаның тек қана сүтқоректілер мен адамда ғана сақталған қабырғалар бөлігіне сәйкес келетін және төменгі сатылы омыртқалылардың омыртқаларының алғашқы пішінен көп өзгермеген бөлігі. Адамда 12 (сирек 13) кеуде омыртқаларын ажыратады. Олар басқа омыртқалардан денелерінің бүйір беттерінде орналасқан жоғарғы және төменгі қабырғалық шұңқыршалардың (fovea costales superiores et inferiores) болуымен ерекшеленеді. Х-ХІІ омыртқалардың денелерінде бір-бірден (оң, сол) ғана шұңқыршалар болады. Кейде омыртқалардың денелері үлкендеу болып келеді. Жоғарғы кеуде омыртқаларының денелерінің көлденең кесіндісі пішіні овалды, сәл төменірек – бұрыштары домалақтанған үшбұрышты, ал төменгілерінде қайта үшбұрышты пішін қалыптасады. І-Х кеуде омыртқаларының көлденең өсінділерінің ұштарының алдыңғы беттерінде сәйкес қабырға төмпешіктерімен буындасатын қабырғалық шұңқыршалар (fovea costales processus transversus) орналасқан. І-ҮІІІ кеуде омыртқаларының қылқанды өсінділері біртіндеп ұзарып, төменге иіле, бірін-бірі үстінен жауып (черепица) орналасқан, ал ІХ- ХІІ омыртқаларда біртіндеп горизонталды жағдайға иіле бастайды. ХІІ кеуде омыртқасынан басқаларының буындық өсінділері фронталды жазықтыққа бағытталған. Бел омыртқалары (vertebrae lumbales) – 5, басқа омыртқалардан көлденең өсінді тесігі мен қабырғалық шұңқыршаларының болмауымен ерекшеленеді. Бел омыртқаларының буындық өсінділері жақсы жетілген және басқа омыртқалардан
ерекшелігі сагитталды жазықтықта бағытталған.
Сегізкөз омыртқалары (vertebrae sacrales) толығымен бірігіп, бітісіп сегізкөз сүйегін түзеді. Сегізкөз омыртқалары (5, кейде 6) адамда және көптеген басқа сүтқоректілер мен төменгі сатылы приматтарда (кейбір кесіртке-панголиттерден басқа) болады. Бұл тік жүру үрдісінің басталып, денесінің төменгі бөлігіне (жамбас пен аяқ) өте үлен жүктеменің түсуіне бейімделуінен деп түсіндіріледі. Сегізкөз (os sacrum) адамда төрт қырлы пирамидаға ұқсас. Оның жоғары қараған негізі (basis ossis sacri) соңғы бел омыртқа денесімен, ұшы (apex) құйымшақпен қосылады. Бірінші сегізкөз
омыртқасының алдыңғы жиегі бесінші бел омыртқасының төменгі жиегімен қосылып мүйін (promontorium) түзеді. Сегізкөздің жамбастық беті ойыс, тегіс, ондағы көлденең сызықтардың (linia transversae) ұштарында төртеуден жамбастық тесіктер (foramina sacralia pelvina) байқалады. Осы тесіктер арқылы жамбас қуысына сегізкөз нервтерінің алдыңғы тармақтары мен қан тамырлары өтеді. Сегізкөздің дорсалды беті бұдырлы, дөңес. Оның өне бойында омыртқалардың жеке бөліктерінің қосылуынан түзілген бес қырды көруге болады. Атап айтқанда: қылқанды өсінділердің бітісуінен пайда болған тақ ортаңғы, оның екі жанында буын өсінділерінің бітісу ізі - жұп аралық және латералдылау көлденең өсінділерден түзілген - жұп қырлар. Дорсалды бетінде төрт жұп сегізкөздік тесіктер орналасқан (foramina sacralia dorsalia). Олар арқылы сегізкөз нервтері мен қан тамырлары енеді. Дорсалдық және жамбастық тесіктер омыртқааралық тесіктер арқылы сегізкөз өзегімен (canalis sacralis) байланысқан. Сегізкөз тесіктерінен сырттай, көлденең өсінділердің сәйкес қабырға рудименттерінің қосылысынан түзілген бүйір бөліктері (partes lateralis) жатады. Әр бүйір бөліктің сыртында мықын сүйектің аттас буындық бетімен қосылатын құлақ тәрізді бет (facies sacralis) анықталады. Ал оның артында сегізкөз бұдырмағы (tuberositas sacralis) орналасқан, ол сегізкөзді нығайтатын қысқа байламдардың бекитін орны. Сегізкөз ұшының артқы бетінен үшбұрыш пішінді сегізкөз өзегіне ендіретін саңылау көрінеді. Ү сегізкөз омыртқасының төменгі бетіне сәйкес келетін сегізкөз ұшында құйымшақпен қосылатын кішігірім, сопақша келген буындық бет бар. Сегізкөз саңылауы бүйір жақтарынан буындық өсінділердің рудименті - сегізкөз мүйіздерімен шектелген. Омыртқа бағанасының төменгі шеті жойылып кеткен құйрық қалдығымен (cauda) бітеді. Ол ересек адамдарда өзара бітісіп кеткен 4-5 құйымшақ омыртқаларынан (os coccyqis) немесе құйымшақтан тұрады. Бұл негізі жоғарғы, ал ұшы төменге бағытталған имек, кішкентай пирамида тәрізді сүйек. Омыртқа бағанасы қапталды бөлігінің кері дамуының (редукция) эмбрионалдық әрқилылығы омыртқа саны мен олардың қосылу сипаттарының тұрақсыздығына әкеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет