Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет112/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Сұр зат, substantia grisea, жұлынның оң және сол жартыларында, бір-бірімен аралық сұр затпен қосылған алдыңғы және артқы бағаналарды, columna anterior et columna posterior , құрайды. Аралық сұр зат VIII мойындық сегменттен II- III белдік сегменттер аралығында бүйірлік дөңесті- латералды бағананы, columna lateralis,түзеді. Жұлынның ортасында орталық өзек , canalis centralis, орналасқан. Өзектің жоғарғы шеті IV қарыншамен қатынасады, ал төменгі шеті милық конус аймағында біраз кеңейіп соңғы
қарыншаны, ventriculus terminalis, түзеді. Өзек нерв түтігінің қалдығы болып табылады, оны ми-жұлын сұйықтығы толтырып тұрады. Жұлынның көлденең кесіндісінде сұр заттың пішіні көбелекке немесе «H» әрпіне ұқсас болып келеді. Сұр заттың алдыңғы мүйізін, cornu anterius , және артқы мүйізін, cornu posterius, ажыратады. Олардың арасында орталық аралық және бүйір аралық заттар орналасқан. Орталық аралық зат , substantia intermedia centralis, орталық өзекті қоршап жатады. Латералды аралық зат, substantia intermedia lateralis , орталық аралық заттың жалғасы болып табылады да, жұлынның СVIII -LII-III сегменттерінде бүйірлік дөңесті- латералды мүйізді, cornu laterale, құрайды (латералды бағананың көлденең кесіндісі).Substantia intermedia lateralis – вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігінің орталағы болып табылады.
Артқы мүйізде ендірме нейрондар орналасқан, олар ядролар құрап, сезімталдықтың әр түрлерін қабылдайды.Артқы мүйізде меншікті ядроны, nucleus proprius, кеуделік ядроны, nucleus thoracicus,(Кларк-Штиллинг ядросы ) сілікпе тәрізді затты,substantia gelatinosa және басқа да ядроларды ажыратады. Оларда жұлын түйінінде орналасқан сезімтал нейрондардың орталық өсінділері (аксондары) келіп аяқталады. Орталық өсінділер жұлынға артқы түбіршіктер арқылы енеді.
Жұлынның алдыңғы мүйізінде қозғалтқыш нейрондар орналасқан.Олар бес: латералды-алдыңғы,латералды-артқы, медиалды-алдыңғы, медиалды-артқы және орталық ядроларды түзеді.Бұл нейрондардың аксондары жұлыннан алдыңғы түбіршіктің құрамында шығып, жұлын нервісін түзуге қатысады.
Жұлынның ақ заты,substantia alba, сұр затты қоршай орналасып, оң және сол жақтарында үш жіпшеге бөлінеді. Алдыңғы жіпше, funiculus anterior, алдыңғы орталық саңылау мен алдыңғы түбіршіктің аралығында; бүйір жіпше, funiculus lateralis, алдыңғы және артқы түбіршіктердің аралығында; ал артқы жіпше, funiculus posterior, артқы орталық жүлге мен артқы түбіршіктердің аралығында орналасқан. Жіпшелер нерв талшықтарының будаларынан түзілген. Будалардың үш түрі ажыратылады:

  1. Ассоциативтік будалар, артқы мүйізде орналасқан ендірме нейрондарды өз сегментіндегі сонымен қатар жоғары және төмен орналасқан 6-7 сегменттердің алдыңғы мүйіздерінде орналасқан қозғалтқыш нейрондармен қосады.Олар сұр затты қоршай орналасқан ақ заттың жіңішке қабатын- меншікті будаларды, fasiculi proprii,түзеді.

  2. Жоғарылаған (сезімтал) өткізгіш жолдар, нервтік импульсты миға жеткізеді.

  3. Төмендеген ( қозғалтқыш) өткізгіш жолдар, нервтік импульсты мидан жұлынның алдыңғы мүйізіне өткізеді.

Жоғарылаған және төмендеген өткізгіш жолдар филогенездік даму барысында кеш пайда болып (жаңа түзіліс ), жұлын мен мидың өзара байланысын қамтамасыз етеді. Олар сегментүстілік өткізгіш аппарат деп аталады.
Жұлынның сегменттік ( меншікті) аппараты филогенездік даму барысында ерте пайда болып (ескі түзіліс), шартсыз рефлекстерді қамтамасыз етеді, оның құрамына жұлынның сұр заты, артқы және алдыңғы түбіршіктері және ақ заттың меншікті будалары енеді.
Артқы жіпшеде – жоғарылаған өткізгіш жолдар, бүйір жіпшеде – жоғарылаған және төмендеген өткізгіш жолдар, алдыңғы жіпшеде,негізінен, төмендеген өткізгіш жолдар орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет