Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет127/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

Ми сыңарының жоғарғы-латералды беті.
Маңдайлық үлес, lobus frontalis. Орталық жүлгенің алдында және оған паралеллді жүретін орталықалды жүлгесі, sulcus precentralis, аттас қатпарды, gyrus precentralis, алдыңғы жағынан шектейді. Маңдайлық жоғарғы және төменгі жүлгелер, sulci frontales superior et inferior, орталықалды жүлгесінен басталып, алдыға қарай бір-біріне және ми сыңарының жоғарғы жиегіне параллелді жүреді. Бұл жүлгелер маңдайлық үлесті жоғарғы, ортаңғы және төменгі қатпарларға, gyri frontales superior, medius et inferior, бөледі.
Самайлық үлес, lobus temporalis. Самайлық жоғарғы және төменгі жүлгелер, sulci temporales superior et inferior, латералды жүлгеге параллелді жүре отырып, самайлық үлесті жоғарғы, ортаңғы және төменгі қатпарларға, gyri temporales superior, medius et
inferior, бөледі. Самайлық жоғарғы қатпардың жоғарғы бетінде (латералды жүлгенің тереңінде) қысқа самайлық көлденең қатпарлар, gyri temporales transversi, (Гешль қатпарлары) ораласқан.
Шекелік үлес, lobus parietalis. Орталық жүлгенің артында, оған параллелді өтетін орталықарты жүлгесі, sulcus postcentralis, артқы жағынан аттас қатпарды, gyrus postcentralis, шектейді. Барлық шекелік үлес арқылы, шамамен оның ортасымен, жоғарғы жиекке параллелді өтетін шекеішілік жүлге, sulcus intraparietalis, аталған үлесті (орталықарты қатпардан басқа) шекелік жоғарғы және төменгі үлесшелерге, lobuli parietals superior et inferior, бөледі. Шекелік төменгі үлесшеде латералды жүлгенің шетін айналатын жиекүстілік қатпарды, gyrus supramarginalis, және самайлық жоғарғы жүлгенің шетін айналатын бұрыштық қатпарды, gyrus angularis, ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет