Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет81/172
Дата20.06.2023
өлшемі0,53 Mb.
#178995
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   172
Байланысты:
Î?óëû? Æàëïû ðåäàêöèÿñûí áàñ?àð?àí ïðîôåññîð Ò. Ì. Äîñàåâ Àëìàòû

КЕҢІРДЕК (TRACHEA)
Кеңірдек VІ-мойын омыртқаның төменгі жиегі тұсынан басталып V-кеуде омыртқасының жоғарғы жиегі тұсында аяқталады, дәл осы жерде оң және сол басты бронхтарға бөлінеді.(bronchi principales dexter et sinister)
Оң бронх солға қарағанда қысқалау және кеңдеу, ол вертикальді орналасып кеңірдектің тікелей жалғасы болып табылады. Оң бронх үстінде сыңар вена, сол бронх үстінде қолқа доғасы орналасқан. Басты бронхтардың қабырғаларының 2/3 бөлігі шеміршектік жартылай сақиналардан түзілсе, ал артқы 1/3 бөлігі жарғақты қабырға деп аталады. Кеңірдектің басты бронхтарға өтетін аймағы кеңірдек айырығынан (bifurcatio tracheae). Төменінде кеңірдек қуысына қарай кеңірдек қыры (carina tracheae) шығып тұрады.
Кеңірдектің мойындық (pars cervicalis) және кеуделік (pars thoracica) бөліктерін ажыратады. Кеңірдектің мойындық бөлігін алдынан және бүйірінен қалқанша без қапсырған, екі жанынан тамырлы-нервті будалар өтеді, артынан өңеш жанасып жатыр. Алдында, төс-тіласты, төс-қалқанша бұлшықеттеріне шандырлы қапшық түзеген мойынның кеңірдекалды шандыры орналасқан. Кеңірдектің кеуделік бөлігінің алдында маңызды артериялық және веналық сабаулармен бірге айырша без орналасса, бүйір жақтары оң және сол медиастинальді өкпеқаптармен шектелген. Кеңірдек қаңқасының негізін бір-бірімен кеңірдектік байламдармен қосылған. (lgg.trachealia) шеміршектік жартылай сақиналар (cartilagines trachealis) құрайды.
Кеңірдектік байламдар артына қарай жарғақтық қабырғаға (paries membranaceus) жалғасады.
Кеңірдектің ішкі беті шырышасты негізде орналасқан, үсті көпқабатты кірпікті эпителиймен жабылған шырышты қабықпен көмкерілген.
Шырышты қабықта, оның шырышасты негізінде көптеп кеңірдектік және шырыштық бездер мен қатар бірлі-жарым лимфа шоғырлары кездеседі.
Кеңірдекті кеуделік ішкі артерия, төменгі қалқанша артерияның тармақтары (бұғанаасты артериясы жүйесі) және қолқа қанмен қамтамасыз етсе, веналық ағым оң және сол иық- бас веналары арқылы жүзеге асады. Лимфа мойынның терең лимфа түйіндеріне (жоғарғы және төменгі трахеобронхиальдық, паратрахеальдық, претрахеальдық) ағады.
Кеңірдекті көмейдің оң және сол қайырылма нервтері (кезбе нерві, Х-жұп), симпатикалық сабау тармақтары нервтендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет