Қаңқа менбуындардамуы Әр сомиттің алдыңғы-медиалды бөлігінен, бірінші кезекте тұлға сүйектері дамитын қаңқаның алғашқы тіні қалыптасады. Сомиттің бұл бөлігі сомиттің қаңқалық жапырағы – склеротом деп аталады. Склеротом тіні өте жылдам көбейіп амеба тәрізді
қозғалыстар мен ұрық денесіне жайылады; біріншіден, арқа жібі нервтік түтікке енсе, екіншіден, әртүрлі ағзалар бастамалары миотомдар аралығы ішіне тереңдеп өтеді.
Тірек-қимылаппараты Организмнің қоршаған ортаға бейімделуінің бір түрі – бұл кеңістікте бір жерден екінші жерге орын ауыстыру қабілеті, ал оны тірек-қимыл аппараты орындайды. Оны жетілдіру омыртқалылар эволюциясында аса маңызды роль атқарады. Бірақта, өкінішпен айтуға болады, қазіргі заман адамдарында тірек-қимыл аппараты жетілу шыңына көптеген жануарларда көрініс тапқандай (тұяқтыларда, жыртқыштарда, кейбір маймылдарды және т.б.) өз шыңына жете алмады. Себебі, адам еңбегі оларды табиғи қалау мен қоршаған ортаға бейімделу керектігінен босатты. Техникалық өрлеу адамзатты кеңістікте кез-келген жылдамдықта, әртүрлі қашықтықпен биікте қозғалуына мүмкіндік беріп, тірек-қимыл аппаратының күнделікті өмірдегі қызметтік орнын біршама төмендетті.
Қимыл аппаратын шартты түрде активті және пассивті деп екіге бөлуге болады. Қаңқа (ежелгі грекшеден skeleton - кептірілген) дегеніміз тұтас организмнен дара ағзалардың негізін құрайтын тығыз дәнекертіндер (жарғақты дәнекертін, шеміршектік және сүйектік тін) кешені, жануарлар эволюциясында ең ерте дамитын жарғақты қаңқа.
Адам онтогенезінде ең алғашқы болып жарғақты қаңқа дамыса, әрі қарай шеміршектік, ең соңында сүйектік қаңқа пайда болады.
Жарғақтық қаңқа түзілістері көп жағдайда артросиндесмология (байламдар, жарғақтар және т.б.), миология және спланхнология (шандырлар, тіндер мен ағзалардың дәнекертіндік негізі), шеміршектік қаңқа түзілістері остеология мен артросиндесмологияны талдағанда қаралады, ал сүйекті қаңқа жеке дара сүйек туралы ілімді құрап, остеологияда толығынан талданады.