Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет128/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
Көкбауыр анатомиясы 
Көкбауыр сол қабырғаасты түбінде көкет күмбезінің астында орналасқан тақ ағза. 
Оның кеуде торы қабырғасындағы жобасы-ортаңғы қолтық сызығының бойымен ІХ-ХІ-ші 
қабырғалар аралығы. Қалыпты жағдайда дені сау адамдарда оны сипап табу мүмкін емес, 


239 
себебі алдыңғы жағынан қабырғаастынан шықпайды, ал арты омыртқа бағанасына 
жетпейді. Ересек адамдарда тіктелген жағдайда көкбауырдың бойлық білігі Х-шы 
қабырғаның бағытына сәйкес келеді. Көкбауырдың екі жиегін айырады 1) тіліктелген, 
үшкірлеу-жоғарғы 2) төменгі – жайпақ. Жоғарыда аталған жиектер бір-бірімен алды-
артынан қосылып екі ұш түзеді – алдыңғы және артқы. 
Көкбауырдың олардан басқа екі бетін ажыратады: 1) көкеттік – көкетпен 
жанасатын, ең үлкен, дөңес және тегіс беті 2) медиалды
(висцеральды) – ішке қараған, ойыс беті, осы бетінде бойлық ұңғыл орналасқан, ол 
көкбауыр қақпасы. 
Көкбауыр қақпасы висцеральды бетті үш бөлікке бөледі: 1) 
Асқазандық – асқазанның түбі мен денесінің артқы беттерімен, біршама ұйқы бездің 
құйрығымен жанасатын бөлігі. 
2) Бүйректік – ол артқы жағында орналасқан, сол бүйректің жоғарғы ұшы және сол 
бүйрекүсті безімен жанасады. 
3) Жиектік – жиек ішегінің сол иілімімен, көкбауыр – бауыр байламымен жанасқан 
көкбауырдың алдыңғы ұшындағы алаң. Көкбауыр ішастармен интраперитонеальды 
қамтылған, оның бекітуші аппаратына іш тығыршығы, ішастар және айналасын қоршап 
жатқан ағзалар жатады, осылармен қатар бірнешге байламдар көкбауырдың бекуін 
қамтамасыз етеді. Олар: көкбауыр -бүйрек, көкбауыр – асқазан байламдары. 
Жиек ішектің сол иілімінен көкетке байлам барып ол көкбауырдың бекуіне әсерін 
тигізетін қалта түзеді және ол өзінің алдыңғы ұшымен осы қалтаға келіп тіреледі де өз 
ретінде көкбауырдың төмен түсуіне кедергі келтіреді (А.П. Сорокин ж.б., 1989). 
Көкбауырдың көлемі адамның жас шамасына сәйкес өзгеріп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет