Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет151/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Төртінші қарынша 
Төртінші қарынша

ventriculus quartus
,
ромбтәрізді мидың қуысы болып 
табылады
,
 
алдыңғы жағынан көпір мен 
сопақша мидың
, артқы жағынан мишықтың 
арасында орналасқан. Пішіні түбі мен 
төбесі
бар шатыртәрізді 
болып келеді.
Төбенің 
жоғарғы және төменгі
қабырғалары дорсалды және бүйір жақтарынан қосылып, 
латералды
 қалталар

recessus lateralis, 
түзеді.
Төртінші қарыншаның
түбі -
ромбтәрізді шұңқыр

fossa rhomboidea
, деп аталады. 
Оны 
көпір мен сопақша мидың артқы 
беттері
құрайды
. Ол 
бүйір жақтарынан мишықтың 
жоғарғы және төменгі аяқшаларымен шектелген. Шұңқырды орта
лық 
сызық бойымен 
бөлетін 
орталық 
жүлгенің, sulcus medianus
, екі жағында 
медиалды томпақ, eminentia 
medialis, 
орналасқан

Әр томпақты 
латералды 
жағында шекаралық сызық, 
sulcus limitans,
шектейді
.Жүлге жоғарғы және төменгі 
шеттерінде
жоғарғы және төменгі шұңқыр
ша
ларға 
жалғасады. Медиалды томпақтың жоғарғы бөлігінде 
бет нервінің төмпешігі, colliculus 
facialis,
көрінеді, ол әкететін нерв ядросын иін түрінде қоршай орналасатын бет нервінің 
талшықтарынан түзілген. Медиалды томпақ төмен қарай біртіндеп тарылып, 
тіласты 
нерві үшбұрышына, trigonum n.hypogllossi,
ауысады. Оның 
латералды 
жағында 
кезбе нерв 
үшбұрышы

trigonum n.vagi, 
орналасады.
Төртінші қарыншаның латералды қалтасының аймағында, 
ромбтәрізді шұңқырда
вестибулярлық алаңды, area vestibularis,
ажыратады.
Осы алаңнан
көлденең бағытта 
милық 


269 
жолақтар

striae medullares
, өтеді. Олар көпір мен сопақша мидың арасындағы дорсалды 
шекара болып табылады және есту жолдарына жатады. 
Төртінші қарынша 
төбесі
, tegmen ventriculi 
q
uarti,
жоғарғы және төменгі 
қабырғалардан тұрады. Жоғарғы қабырғасын тақ 
жоғарғы ми желкені

velum medullare 
superius,
және мишықтың жоғарғы аяқшаларының бөлігі құрайды
. Мишықтың жоғарғы 
аяқшаларының арасында тартылып тұратын, қалыңдығы 0,5 мм-дей болатын ми 
табақшасы - 
жоғарғы ми желкені 
деп аталады. Оның 
ішінде 
жұлын-мишықтық алдыңғы 
жол талшықтарының қиылысы 
өтеді.
Төртінші қарынша 
төбесінің
төменгі қабырғасын 
төменгі ми желкені түзеді. 
Төменгі ми
желкені, velum medullare inferius
, эмбриогенездік 
артқы ми көпіршігінің қалдығы - 
жұқа
ми табақшасынан тұрады. Бұл табақша ішкі 
жағы
мен 
IV қарыншаның 
тамырлық негізін, tela choroidea ventriculi 
q
uarti,
түзетін мидың 
жұмсақ қабығымен тығыз бітіседі. 
Тамырлық негіз IV қарыншаның қуысына қараған 
жағын жауып жатқан эпителийлік табақшамен бірігіп – IV 
қарыншаның тамырлық өрімін, 
plexus choroideus ventriculi quatri
, түзеді. Бұл қарыншаның төменгі қабырғасында үш тесік: 
орталық тесік, apertura mediana
(Можанди тесігі, foramen Мagendi) және жұп 
латералды 
тесік, aperturа lateralis
(Люшка тесігі, aperturа Luschka) ажыратылады. Бұл тесіктер 
арқылы IV қарынша қуысы мидың торлы қабықастылық кеңістігімен жалғасады, яғни ми 
– жұлын сұйықтығы IV қарыншадан торлы қабықасты кеңістікке (мишық – ми 
цистернасына) өтеді. 
IV қарынша қуысы жоғарғы жағында – ортаңғы мидың суқұбырына, 
ал төменгі жағында – жұлынның орталық өзегіне жалғасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет