Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет158/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Үшінші қарынша
,
ventriculus tertius
,
эпендимамен қапталған жіңішке ортаңғы 
саңылау. Үшінші қарынша артынан ортаңғы мидың суқұбырымен, ал алдынан жұп 
қарыншааралық тесіктер арқылы оң және сол бүйір қарыншалармен байланысады. 
Үшінші қарыншаның алты қабырғасын ажыратады. Бүйір 
қабырғалары
таламустардың 
медиалды бет
тер
імен және 
меншікті 
гипоталамуспен түзілген. 
Оларды бір-бірінен 
таламусастылық жүлге

sulcus hypothalamiscus
, бөліп тұрады. Меншікті гипоталамусқа 
ортаңғы мидың жамылғысы жалғасады.
Алдыңғы қабырғасы шекаралық табақша
алдыңғы дәнекер және күмбез 
бағаналарынан түзілген. Күмбез бағанасы мен таламустың 
алдыңғы төмпешігінің арасында 
қарыншааралық тесік (Монрой тесігі),
foramen 
interventriculare, 
орналасады. Бұл тесік арқылы III қарынша бүйір қарыншаларымен 


277 
байланысады. 
Артқы қабырғасы тарылған, жүген дәнекерінен, артқы дәнекерден, 
оның 
астындағы 
ортаңғы мидың суқұбырынан түзіледі. 
Жоғарыда аталғандай, жүген дәнекері 
мен артқы (эпиталамустық) дәнекердің аралығында, эпифизге енетін кішкене 
томпақтық 
ұңғыл, recessus pinealis
, жатады.
Үшінші қарыншаның түбін 
chiasma opticum, tuber 
cinereum
мен 
infundibulum, corpora mamillaria, substantia perforata posterior,
жартылай 
pedunculi cerebri
түзеді. 
Үшінші қарыншаның түбінде екі ұңғыл: көру қиылысы мен 
шекаралық табақшаның аралығында – 
көру ұңғылы, recessus opticus, 
және құйғышта – 
 құйғыш ұңғылы, recessus infundibuli,
Жоғарғы қабырғасы 
үшінші қарыншаның
 
 тамырлы 
негізімен

tela choroidea ventriculi tertii
, түзілген. 
Тамырлық негіздің
құрамына мидың 
көлденең 
саңылауы
арқылы сүйелді дене мен күмбездің астынан енетін, мидың жұмсақ 
қабығы 
және оның астында орналасқан эпителийлік табақша кіреді. Олардың ішінде 
тамырлы өрім,
plexus choroideus ventriculi tertiі, 
жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет