Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Ауызша және жазбаша сөйлеудің қыртыстық орталықтары



Pdf көрінісі
бет164/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Ауызша және жазбаша сөйлеудің қыртыстық орталықтары 
Ауызша анық сөйлеудің қимыл анализаторының қыртыстық шеті сол жақта төменгі 
маңдай қатпарының артқы үштен бір бөлігінде орналасады. Бұл аймақ зақымданғанда 
сәйкес бұлшықеттердің немесе олардың тобының ерікті жиырылуы мүмкін болса да сөзді 
айту мүмкіндігі жоғалады (қимылдық афазия). 
Ауызша сөйлеудің есту анализаторының қыртыстық ядросы жоғарғы самай 
қатпарының (22 алаң) артқы бөлігінің тереңінде орналасқан. Бұл орталық зақымданғанда 
сенсорлық афазия болады (адам сөзді естиді, бірақ оның мағынасын түсінбейді).
Жазбаша сөйлеудің қимыл анализаторының ядросы ортаңғы маңдай қатпарының 
артқы бөлігі мен шекенің төменгі бөлігінде орналасады. Бұл анализатор қызметі жағынан 
сол жақ төменгі шеке үлесшесінде орналасатын және хат жазуға қолданылатын әдеттегі 
қозғалыстарды басқаратын қыртыстық орталықпен байланысты. Бұл орталық 
зақымданғанда хатпен байланысты барлық қимыл сақталады, бірақ әріптер мен басқа да 
хаттық белгілерді жазу мүмкіндігі жоғалады (аграфия).
Жазбаша сөйлеудің көру анализаторы ядросы көру анализаторының жалпы 
орталығымен байланысып сол төменгі шеке үлесшесіндегі gyrus angylaris-те орналасады. 
Үрдісті оқу басқарады. Ядро зақымданғанда көру жоғалмайды, бірақ адам оқу және 
жазғанды түсіну мүмкіндігін жоғалтады (алексия). 
Ми қабықтары 
 
Омыртқалылардың орталық нерв жүйесі берік қорғалған. Ми бассүйектің ми сауытымен 
жабылса, жұлын омыртқа өзегімен қоршалған. Ми мен жұлыннан шеткі нервтер шығатын 
тесіктер олар үшін сүйектік қорғаныштық қабық түзеді. Бұлардан бөлек орталық нерв жүйесі 
үш милық қабықтармен қоршалған және қорғалған. Ең сыртқысы – мидың қатты қабығы (dura 
mater), біршама берік, талшықты дәнекер тіннен түзілген. Қатты қабық бассүйектің ішкі бетін 
астарлап, оның сүйек қабығымен бітіседі; тек қана миден қанды алып шығатын ірі веналық қан 
тамырлары өтетін аймақтарда ғана бос кеңістіктер пайда болады. Омыртқа бағанасынан мидың 
қатты қабығы майлы қабатпен және эпидуральді веналық өріммен бөлінген. 
Бассүйек қуысында, ірі-ірі веналық қойнаулар орналасқан аймақтардан қатты қабықтың ішкі 
жапырақшасы біршама алшақтаған соң, мидың кейбір басты бөліктерін бір-бірінен бөлетін 


285 
тығыздалған дәнекер тінді табақшаларға айналады. Солардың біреуі – үлкен ми орағы (falx 
cerebri) ми сыңарлары арасында орналасқан. 
Мишық шатыры (tentorium cerebelli) – мидың артқы шұңқырында көлденең, мишық пен үлкен 
ми арасында жатыр. Мишық шатырының алдыңғы жиегінде ми сабауы өтетін тілік (incisura 
tentorii) бар. Қатты қабықтың енді бір қабығы түрік ертоқымында жатқан гипофизді 
оқшаулайтын ертоқым көкеті (diaphragm sellae), қатты қабықтан түзілген тағы бір қуыс, ол 
үшкіл нервтің тйіні мен тармақтары жайғасқан үшкілдік қуыс (cavum trigeminale). 
Торлы қабық (arachnoidea) – мимен жұлынды қоршаған, созылмалы талшықты тіннен 
құралған және қатты қабық астында орналасқан біршама жұқа жарғақ. Торлы қабық қатты 
қабықтан қатты қабық астындағы кеңістікпен (spatium subdurale) бөлінген. Қалыпты жағдайда, 
бұл кеңістік болмайда (сондықтан оны жиі «болуы мүмкін кеңістік» деп атайды). Қатты қабық 
пен торлы қабық бір-бірімен тығыз жанасқан, сонымен қатар оларды байланыстыратын 
түзілістер де болмайды. Торлы қабық астындағы кеңістік, шағын қысымы бар ми-жұлын 
сұйықтығымен толған. Сұйықтықтың қысымы торлы қабықты сыртқа қарай итеріп оны қатты 
қабықпен тығыз жанастырады. Торлы қабық астында жатқан жұмсақ қабықпен (pia mater) өте 
нәзік аралықтар арқылы байланысқан. Осы қабықтар бір-бірінен іші ми-жұлын сұйықтығымен 
толған торлы қабық астындағы (spatium subarachnoidale) кеңістікпен бөлінген. Жұмсақ 
қабықтың торлы қабықтан ерекшелігі ол ми мен жұлынның өне бойы бетімен тығыз қосылған 
және жұмсақ қабық астроциттерден беткей қабатымен қосылып пиаглиальді жарғақ деп 
аталатын түзіліспен байланысқан. Торлы қабық астындағы кеңістіктің кейбір бөліктері кеңейіп 
цистерналар түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет