Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев


Жоғарғы жақсүйектің маңдайлық өсіндісі



Pdf көрінісі
бет24/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

Жоғарғы жақсүйектің маңдайлық өсіндісі,
processus frontalis maxillae, 
мұрын қуысының бүйір, ал көзұяның медиалды қабырғаларын түзуге,
таңдайлық өсінді,
processus palatinus,
сүйектік (қатты) таңдаймен және
мұрын қуысының төменгі қабырғасын құруға; 
ұяшықтық өсіндінің,
processus alveоlaris
ұяшықтарында тіс түбірлері орналасқан; 
беттік өсіндісі,
processus zygomaticus
бет сүйегімен қосылады. 
Таңдай сүйек, 
os palatinum
горизонтальдық
және 
перпендикулярлық
табақшалардан, 
lamina horizontalis et lamina perpendicularis
құралған.
Горизонтальдық табақша сүйекті таңдайдың бір бөлігі мен мұрын
қуысының төменгі (түбі) қабырғасын құруға қатынасады. Перпендикулярлық
табақша мұрын қуысының бүйір қабырғасының құрамына кіреді де, қанат- 
таңдайлық шұңқырының медиалды қабырғасын түзеді. Перпендикулярлық
табақшадан қанат-таңдайлық тілікпен бөлінген көзұялық және сынатәрізді
өсінділер 
processus orbitalis
et
processus
sphenoidalis
шығады, ал 


42 
пирамидалық өсінді, 
processus pyramidalis
сынатәрізді сүйектің қанаттәрізді
тілігіне ене орналасқан.
Көзжасы сүйегі,
os lacrimale 
көзұяның медиалды, ал мұрын қуысының
бүйір қабырғаларының құрамына кіреді.
 
Төменгі мұрын кеуілжірі, 
concha nasalis inferior, 
мұрын қуысының бүйір
қабырғасындағы жоғарғы жақсүйектің кеуілжірлік қырымен, 
crista
conchalis, 
таңдай сүйектің перпендикулярлық табақшасына бекіп, төменгі
мұрын жолын шектейді. Оның үш өсіндісін айырады: көзжасы өсіндісі,
processus
lacrimalis;
жоғарғы жақсүйектік өсінді, 
processus
maxillaris;
торлы
өсінді 
processus ethmoidalis. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет