Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет29/208
Дата15.09.2023
өлшемі2,15 Mb.
#181212
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   208
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
Ескерту
Үлкен шүйде, мойындырық және емізіктәрізді тесіктердегі
түзілістерді бассүйектің сыртқы негізінен қараңыз (6-кесте). 
Бассүйектің бет бөлігі 
Бассүйектің бет сүйектері көзұяны, мұрын қуысын, ауыз қуысын, самайасты
және қанаттәрізді-таңдай шұңқырларын түзуге қатынасады. Самай шұңқыры
бассүйектің мисауыт бөлігіне жатады. 
Көзұя,
orbita
- төртжиекті пирамида пішінді жұп қуыс. Пирамиданың
негізі алға бағытталып көзұяға кіруін шектейді, 
aditus
orbitae
ал
пирамиданың ұшы көру өзегіне жалғасады,
canalis opticus
. Көзұяда
көз алмасы мен оның қосалқы аппараты орналасқан.
Көзұяға кіру шектелген: 
- мұрын бөлігімен, маңдай сүйектің жоғарғы көзұялық жиегі және бет
өсіндісімен, 
pars nasalis margo supraorbitalis et processus zygomaticus ossis
frontalis; 
- бетсүйекпен, 
oz zygomaticum
- жоғарғы жақсүйектің көзұяасты жиегімен, маңдай өсіндісімен, 
margo
infraorbitalis et processus frontalis maxillae.
Әрқайсысы әр түрлі сүйек құрылымдарынан түзілген. 
Көзұяның 4 қабырғасын ажыратады: жоғарғы, латералды, төменгі
және медиалды.Көзұя қабырғаларының толық көріністері 10-кестеде
берілген. 
Көзұяның бассүйектің басқа да топографиялық түзілістерімен
қатынастары 11-кестеде сипатталған.Көзұяның бірқатар қатынастары жеке
сүйектердің бір-бірімен қосылыстарынан пайда болады. Олар: жоғарғы


58 
жақсүйектің маңдай өсіндісінің көз жасы сүйегімен қосылысынан, мұрын –
көзжасы өзегі, 
canalis naso-lacrimalis,
жоғарғы жақсүйек пен сынатәрізді
сүйектің үлкен қанатынан төменгі көзұялық саңылау 
fissura orbitalis inferior
.
Маңдай және торлы сүйектердің қосылысынан алдыңғы және артқы торлы
тесіктер,
foramen ethmoidale anterius et foramen ethmoidale posterius
қалыптасады. Көзұя қатынастарындағы түзілістер туралы мәлімет
11-кестеде көрсетілген. 
 
11 кесте. Көзұя қабырғаларының құрылысы
Көзұя қабырғасы 
Қабырғаны құрайтын сүйек құрылымдары 
Қазақша атаулар 
Латынша атаулар 
Жоғарғы қабырға, 
paries superior
-маңдай сүйектің көзұялық 
бөлігі; 
-сынатәрізді сүйектің кіші 
қанаты; 
-pars orbitalis ossis frontalis 
 
-ala minor ossis sphenoidalis 
Латералды қабырға

paries lateralis
-сынатәрізді сүйек үлкен 
қанатының көзұялық беті; 
-маңдай сүйек бет өсіндісінің 
көзұялық беті; 
-бет сүйектің көзұялық беті;
-
facies orbitalis alae majoris 
ossis sphenoidalis 
- facies orbitalis processus 
zygomaticus ossis frontalis 
- facies orbitalis ossis zygomatici
Төменгі қабырға, 
paries inferior
-жоғарғы жақсүйектің көзұялық 
беті; 
-бет сүйектің көзұялық беті; 
-таңдай сүйектің көзұялық 
өсіндісі; 
-
 facies orbitalis maxillae 
- facies orbitalis ossis zygomatici 
- processus orbitalis ossis palatini
Медиалды қабырға, 
-жоғарғы жақсүйектің маңдай 
-processus frontalis maxillae 


59 
paries medialis
өсіндісі; 
-маңдай сүйектің мұрын және 
көзұялық бөліктері; 
-көзжасы сүйек; 
-торлы лабиринттің көзұялық 
табақшасы; 
-сынатәрізді сүйек денесі 
- pars nasalis et pars orbitalis 
ossis frontalis 
-
os lacrimale 
-lamina orbitalis labyrinthus 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   208




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет