Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет282/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
нервтің құрамына енетін төменгі түйін деңгейінде тіл-жұтқыншақ нервінің төменгі 
сілекей бөлетін ядросынан түйінге дейінгі талшықтар келеді. Нерв талшығы жыртық тесік 
шеміршегін тесіп өткеннен кейін құлақ түйіні жасушаларымен байланысады. Түйіннен 
кейінгі талшықтар құлақ-самай нервінің құрамында шықшыт безіне барады. Соңғысының 
сезімтал талшықтары сол нерв бойымен жүреді, ал түйіннен кейінгі симпатикалық 
талшықтары шықшыт безіне ортаңғы менингиалды артерия өрімінен келеді. 
Төменгі жақсүйекасты түйіні 
(ganglion submandibulare) сопақша, қысыңқы келген, 
жақсүйекасты безінің үстінде, тіласты нервінің сабауына жақын орналасады. Түйінге 
дейінгі талшықтары аралық нервтің жоғарғы сілекей бөлетін ядроларынан, тіл нервіне 
(үшкіл нерв тармағы) қосылатын дабыл ішегі арқылы жүреді. Түйіннен кейінгі 
талшықтары тіласты, жақасты және көптеген ұсақ сілекей бездеріне барады. 
Симпатикалық түйіннен кейінгі талшықтар бұл бездерге ішкі ұйқы нерві (бірінші мойын 
симпатикалық түйінінен) құрамында келеді. Бездерден сезімтал талшықтар тіл нервінің 
құрамында өтеді. 
Кезбе нерв 
(n.vagus) құрамында қозғалтқыш (ерікті) және сезімтал талшықтардан 
басқа парасимпатикалық түйінге дейінгі және түйіннен кейінгі талшықтар болады. Кезбе 
нервтің дорсалды ядросынан басталатын түйінге дейінгі талшықтар кезбе нерв сабауында 
жататын жасушаларда, ішкі ағзалардың интрамуралды немесе экстрамуралды вегетативті 
түйіндерінде (ganglia cardiacа, celiacа, aorticorenalia, mesenterica superior және т.б.) үзіледі. 
Кезбе нервтің түйіннен кейінгі талшықтары айтарлықтай кең таралады: жұтқыншақтың 
шырышты қабығының бездері, қалқанша без, өкпе, жүрек, кеңірдек, бронхтар, асқазан, 
жіңішке ішек, тоқ ішек сигматәрізді ішекке дейін, бауыр, бүйректер, көкбауыр, ұйқы безі. 
Вегетативті нерв жүйесінің жамбас бөлігінің орталығы жұлынның сұр затының ІІ- 
ІҮ сегізкөз сегменттерінде жатады. Орталықтан түйінге дейінгі талшықтар алдыңғы 
түбіршіктер құрамында, ары қарай ІІ-ІҮ сегізкөз нервтерінің алдыңғы тармақтарымен 
бірге foramina sacralia pelvina арқылы шығады. Олар осы жерде бөлініп, ішкі ағзалық 
жамбас нервтері (nn.splanchnici pelvini) түрінде жамбас және төменгі құрсақасты 
вегетативті түйіндеріне немесе тікелей жамбас қуысы ағзаларының (vesica urinaria, uterus, 
rectum және т.б.) интрамуралды парасимпатикалық түйіндеріне барады. 
Ішкі ағзалық жамбас нервтері ішектер перистальтикасын күшейтеді, артқы өтістің 
ішкі қысқышын босаңсытады және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет