Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет78/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Тізе буынында көптеген қапшық ішіндегі және қапшықтан тыс анатомиялық 
құрылымдар бар. Қапшық ішіндегі құрылымдарға менисктер, байламдар және 
синовиалық қаптар, қатпарлар жатады. 
Медиалды және латералды менисктер, 
meniscus 
medialis 
et 
lateralis
фиброзды-шеміршекті, пішіні 
жартыайтәрізді 
құрылымдар. Олардың қалың жиегі буын қапшығымен тұтасқан, жұқа жиегі буын 
қуысының ішіне қарап жатады. Менисктердің екі беті бар: ортан жіліктің 
айдаршықтарымен түйісетін жоғарғы беті ойыстау, асықты жіліктің жоғарғы буындық 
бетінде жататын төменгі беті жалпақ болып келеді. Әрбір менисктің екі шеті бар, олар 
арқылы айдаршықаралық томпақтың сәйкес (медиалды немесе латералды) 
төмпешіктеріне бекиді. 
Медиалды мениск, meniscus medialis, 
жартыайтәрізді, жіңішке, 
латералды мениск, 
meniscus lateralis, 
жалпақтау, көбірек иіліп, тұйықталмаған сақинаға ұқсас болып 
келеді. Менисктердің алдыңғы шеттері 
тізенің көлденең байламы, lig. transversum 
genus, 
арқылы байланысқан. Менисктердің осылай бекуі тізе буынындағы қозғалыс 
кезінде олардың жақсы жылжып тұруын қамтамасыз етеді. Менисктер буынның 
конгруэнттілігін арттырады және серпімділік қызмет атқарады. 
Кресттәрізді алдыңғы және артқы байламдар, ligg. cruciatum anterius et 
posterius, 
бір-бірімен қиылысқан, синовиалық жарғақпен жабылған буынішілік байлам. 
Алдыңғы байлам - ортан жіліктің латералды айдаршығының медиалды беті мен асықты 
жіліктің айдаршықаралық алдыңғы алаңының арасында, артқы байлам – медиалды 
айдаршықтың латералды беті мен айдаршықаралық артқы алаңының аралығында 
тартылған. Синовиалық жарғақ буын қапшығының артқы қабырғасынан аталған 
байламдарға өтеді де, буын қуысының артқы бөлігін оң және сол жақтағы екі бөлікке 
бөледі, олар бір-бірімен тек буын қуысының алдыңғы бөлігі арқылы байланысады. 
Синовиалық жарғақ синовиалық қатпарлар түзеді, олардың ішінде майлы тін 
орналасқан. Буындық беттердің сәйкессіздігіне (инконгруэнттілігіне) байланысты буын 
қуысы бостау болады. Қатпарлар осы бостау кеңістіктің біраз бөлігін толтырады. Тізе 
тобығының астында – 
тізе тобықтық байламның, lig. patellae, 
бүйір жақтарында ең 
жақсы дамыған жұп
қанаттәрізді қатпарлар, plicae alares, 
орналасқан. Тізе тобығы 
және айдаршықаралық алдыңғы алаң аралығында вертикалды орналасқан сыңар 
тізе 
тобығыастылық синовиалық қатпар, plica synovialis intrapatellaris, 
өтеді. Буын 
қуысының ішінде, осы аталған ірі қатпарлардан басқа көптеген ұсақ синовиалық 
қатпарлар орналасады. 


111 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет