Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев



Pdf көрінісі
бет2/308
Дата10.11.2023
өлшемі3,69 Mb.
#190923
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   308
Байланысты:
Досаев Анатомия

 
 
 
Нуржігіт Алтынбеков 
Остеология 
 
Анатомияның бұл бөлімінде адамның қатты қаңқасы зерттеледі. Барлығы 208 
сүйектен құралған қаңқа дененің ауқымды бөлігін алып жатыр. Қаңқаның жалпы 
салмағы 5-6 кг. Бұл әйелдердің жалпы салмағының 8,5℅ құраса, еркектерде 10 ℅ дейін 
жетеді. 
Қозғалыс аппараты екі бөліктен тұрады: сүйектер мен олардың қосылыстарынан 
тұратын – пассивті бөлігі және қаңқа сүйектері иіндерін қимылға келтіретін, 
бұлшықеттерден тұратын – активті бөлігі. Қатты немесе сүйектік қаңқа адам денесі 
тірек аппаратының көлемді де күрделі дәнекер тіндік жүйесінің бөлігі болып саналады. 
Бұл жүйеге сүйектер, олардың қосылыстары, шеміршектер және тері, шандырлар, 
ағзалардың дәнекертіндік қабықтары, ағзааралық қуыстарды толтыратын май тіндері, 
ағзаларды құрайтын ішкі құрылымдарды біріктіретін немесе бір-бірінен оқшаулататын 
ағзаішілік дәнекертіндік қалқалар (бұлшықеттік талшықтар будалары, без үлесшелері 
және т.б.) кіреді. 
Жоғарыда келтірілген мағлұматтарды елестету үшін дененің бір құрылысын 
зерттеп көрейік. Мысалы, сан аймағы барлық дене секілді терімен қапталған, егер 
теріні сылып алып тастасақ оның астында орналасқан жұқа және мөлдір дәнекертіндік 
қабықты байқауға болады. Ол беткей шандыр, одан санның тініне тереңдеп, 
бұлшықеттердің арасына өтіп, оларды бір-бірінен бөлетін немесе бұлшықеттер 
топтарын ажырататын шандырлық қалқалар шығады. Олар өз кезегінде ортан жіліктің 
сүйектік қабықшасымен тікелей жалғасады. Сөйтіп, бұлшықеттер, нервтер, қан 
тамырлар және осы ағзаға қатысы бар (осы жағдайда - сан) басқа да жұмсақ бөліктер 
бірнеше дәнекертіндік табақшалық қабықтар арқылы осы аймақтың қатты қаңқасына – 
ортан жілікке бекиді. 
Әр сүйек – ағза, ал ағза организмде алатын өзіндік орны бар, өзіне тән пішіні, 
құрамы және қызметтік ерекшелігі бар дененің бір бөлігі. 
Қаңқаны зерттегенде оның әртүрлі пішінді сүйектер қосылысынан құралғанын 
байқауға болады. Сондықтан оларды төмендегідей нақты пішіндік топтарға бөлуге 
болады. 
1.
Жілік сүйектер: ұзын (білек, сирақ сүйектері), қысқа (саусақтар, бақайлар) – 
олар адам денесінде иіндік қызмет атқарады. Ұзын жілік сүйектерінің шеттері 
жуандап, беттері буындық шеміршекпен жабылып, буындық беттер түзеді. 
Ұзын жілік сүйектерінің жуандаған бөліктері эпифиз немесе эпифизарлық 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет