ЖҰЛЫН НЕРВТЕРІНІҢ АЛДЫҢҒЫ ТАРМАҚТАРЫ
Жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары да
(rami anteriores) аралас, артқы
тармақтарға қарағанда жақсы жетілген, ІІ-ХІ кеуде тармақтарынан басқасы бір-бірімен
қосылып өрім түзеді. Адам денесінде басқада сүтқоректілердегідей мойын, иық және бел-
сегізкөз өрімдерін ажыратады. Өрімдердің түзілуі ерте эмбриогенезде қол-аяқ түзілуімен
байланысты болатын күрделі құбылысқа байланысты. Сонымен қатар, әр сомит элементтері
айтарлықтай жылжиды (миотомдар, склеротомдар, дерматомдар), нәтижесінде дененің
нервтендіретін сегментімен байланысын жоғалтпайтын нейриттер де жылжиды.
Нерв өрімдерінен терілік және бұлшықеттік нервтер шығады. Әдетте олардың
әрқайсының түзілуіне жұлынның бірнеше сегменттері қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |