Оқулық: Жер ғаламшарының көрінісі, 56-57-бб. Жұмыс дәптері: 37-жұмыс парағы. Жер ғаламшары, 39-б



Дата14.04.2020
өлшемі18,58 Kb.
#62542
түріОқулық
Байланысты:
83бет
83бет
Жер ғаламшарының көрінісі

Оқу мақсаты:



  • Жасанды моделіне сүйене отырып, жердің пішінін анықтау;

  • Қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсіну.

Тірек сөздер:

  • Шар

  • Жер

Оқулық:

Жер ғаламшарының көрінісі, 56-57-бб.

Жұмыс дәптері:

37-жұмыс парағы. Жер ғаламшары, 39-б.

38-жұмыс парағы. Жер ғаламшарының көрінісі 40-б

Ресурстар:



  • Шар;

  • Глобус;

  • Доп;

  • Желім;

  • Ай тұтылуы кезіндегі Айдың фотосуреті;

  • Ойыншық кеме;

Интернет-ресурстар:

Ғаламшарлар туралы ақпарат беретін мультфильмнен және “Старик Хаттабыч“фильмінен үзінділер.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар:



  • Жердің шарға ұқсайтынын анықтай алады;

  • Шардың физикалық қасиетіне бақылау жүргізе алады;

  • Жеке және топтық жұмыста өзінің сезімдерін жеткізе білуді әрі елестете алуды үйренеді.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Ерте заман адамдарын Жер ғаламшарының пішіні қандай екені жөніндегі ой толғандырған.

Ежелгі гректер біздің ғаламшарды жауынгер қалқаны сияқты дөңес деп есептеген. Ал оның шетін Мұхит шайып тұрады деп ойлаган.

Ежелгі қытайда Жерді тегіс тіктөртбұрыш ретінде қабылдаған. Оның үстінде бағандар тіреп тұрған дөңес келген дөңгелек аспан орналасқан деп ойлаған. Ала сұрған айдаһар дәл ортада орналасқан бағанды бұзып тастағаннан кейін Жер шығыс қа қарай қисайған деп есептеп, осыған байланысты өзендер шығысқа қарай ағады деп ойлаған.

Ежелгі Үндістан халқы жерді үш піл көтеріп тұрған жартылай сфера ретінде елестеткен. Ал пілдер үлкен тасбақаның үстінде, тасбақа жыланның үстінде орналасқан деп ойлаған, ал жылан шексіз сүтті мұхитта жүзіп келе жатыр деген тұжырым болған. Жылан сақина тәріздес жерді айналып жүреді деп ойлаған.

Сабаққа қатысты ескертпелер

Кіріспе тапсырма. Бүгінгі сабақта “Ғарыш әлеміне саяхат“жасайтындарын айтыңыз. Ауа райы қолайлы болса, сабақты сыртта жүргізіңіз. Оқушылар ды далаға шығарып аспанға және көкжиек сызығына қарап тұрып, аспан мен жердің біріккен жерін тауып, көкжиекті анықтауға бағыт-бағдар беріңіз.“Аспан мен жер қалай түйісіп тұр? Не байқадыңыздар? “деген тәрізді сұрақтар қойыңыз.

Бақылау жүргізіп болған соң, бақылау барысында оқушының не түсінгенін, қандай ой туындағанын сұрап біліңіз. Оқушының барлық жауабын қабылдаңыз және “дұрыс емес“деген сөзді айтпауға тырысыңыз. Қажет болған жағдайда тапсырманы өзіңіз нақтылаңыз.

Жер қандай? Оқушылардың назарын суреттерге аударыңыз. Ежелде адамдардың Жер ғаламшарын қалай елестеткені туралы айтып беріңіз. Неге олай ойлағаны туралы сұраңыз. Осы жерде “Старик Хаттабыч“фильмінен үзінді көрсетіп, бірлесе талқылауға болады.

Оқушылар мен тәжірбиелік жұмыс жүргізіңіз: қолдарына жалпақ табақ алып, үстіне ұсақ адамдар мен жан-жануарлардың макеттерін орналастыруды ұсыныңыз. Егер Жер осындай пішінді болса, қалай болар еді?-деген жетелеу сұрағын қойыңыз.Ерте де адамдар осы тәрелкедегі сияқты жердің шетіне шығып кетсе, онда басқа аймаққа өтіп кетеді деп ойлағаны туралы айтыңыз.

Зерттейік. Сыныпты екі топқа бөліңіз. Жердің домалақ екенін әр топ зерттеу жүргізе отырып дәлелдейді.

Бірінші топқа Айдың тұтылуы кезіндегі фотосуретін беріңіз. Оқушылардың назарын көлеңкеге аударыңыз. Тәжірбие өткізуді ұсыныңыз. Үстел шамы Күн мен бір парақ қағаздың Ай ортасына кезекпен пішіні әр түрлі заттарды: доп, қалам, кітап, өшіргішті қойыңыз. Қай заттың көлеңкесі домалақ болды?(Доп). Оқушылар Жер шарға ұқсас дпп қорытынды жасау керек.



Екінші топқа: энциклопедиядан көкжиек, көкжиек сызығы туралы материалды беріңіз. Орындап болған соң әр топтың оқушылары алған білімдерімен және жасаған қорытындыларымен бөлісу үшін ортақ талқылау жасатыңыз.

“Ойлан“айдарын оқып, тәжірибе өткізуді ұсыныңыз. Алдымен ойыншық немесе қағаздан жасалған кемені партаның үстімен жүргізіп көріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет