Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттеріне арналған


ғасырдағы итальян гуманизмінің қалыптасуы және оның қайшылықтары



бет48/123
Дата28.03.2022
өлшемі0,54 Mb.
#137053
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   123
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

ғасырдағы итальян гуманизмінің қалыптасуы және оның қайшылықтары





  1. ғасырдың екінші жартысында жасаған гуманистер Петрарка мен Боккаччоның ісін одан ары қарай жалғастырды. Олар да антик мәдениетке құрметпен қарап, папа билігіне қарсы шықты. Мәселен, Луиджи Марсили Августин орденінде монах болса да, философия мен әдебиетке қызықты, «Папа сарайы нұқсандарына қарсы» дейтін туындысында дін өкілдерінің жағымсыз әрекеттерін әшкереледі. Гуманист Колуччо Салутати біраз уақыт папаның қызметінде болып, Рим діндарларының арасындағы алаяқтарды өз көзімен көреді, бұл оны папаға қарсы күреске итермелейді. Флоренция республикасының хатшысы болған кездерінде де ол өз отанының тәуелсіздігі үшін күреседі. Мемлекет істерімен бірге әдебиетпен де айналысады, латынша эклогтар жазады. «Тағдыр мен бақыт туралы» дидактикалық поэмасында астрологияны (жұлдыз жорамал) қатты сынға алады. Салутати дүниетанымында қайшылықтар да болды. XV ғасырда ірі қала - коммуналар аймағында принципаттықтың (жеке билік) орнау себебінен ғалым-гуманистер халық әрекетінен алыстайды. Олар антик дәстүрлерді жаңартуға ұмтылады, итальян тіліндегі әдебиет күйзеліске ұшырайды. Сауаты аз оқырманға негізделген латын тіліндегі әдебиет дүниеге келеді.

Бұл дәуірдегі гуманистік әдебиетте ақсүйектік ағым басым болғанымен, ірі қаламгерлер XIII-XIV ғасырлардағы ұлттық әдебиетпен әлі де тығыз байланыста еді. Олар Данте, Петрарка, Боккаччо шығармаларын оқып үйренді, халық дәстүрінде өлеңдер жазды. Осындай қаламгерлердің бірі атақты ғалым, жазушы Альберти болды. Ол итальян поэзиясына гекзаметр өлең өлшемін кіргізді, итальян тілінде элегия мен эклогтар жазып, итальян тілі
мен әдебиетінің дамуы үшін күресті, латын тілінің алдында бас иген адамдарды сынға алды.

  1. ғасырдың екінші жартысынан бастап осы дәуірдің саяси өмірінен қол үзген және ескі латын тіліне беріліп, өз мүмкіндіктерін шектеп қойған ғалым-гуманистердің үстемдіктері аяқталады. Итальян ұлттық әдебиеті дами бастаған Қайта өрлеу әрекетінің соңғы жоғары сатысы дүниеге келеді. Мәдени және экономикалық жағынан едәуір ілгерілеген Флоренцияда ірі гуманист-қайраткерлер Леонардо да Винчи, Микель-Анжело және т. б. туды.

XV ғасырдың аяқтарында Солтүстік Италияда жаңа мәдени орталық пайда болды. Феодалдық-католиктік қанау күшейген тұста өмір қуаныштарына байланысты оқиғаларды жырлау үлкен маңызға ие болатын. Феррара мектебі серілік әдет-ғұрыптарды бейнелегенімен, ол Қайта өрлеу мәдениетінің дамуында белгілі дәрежеде қызмет атқарды. Қалада университет салынды, ірі кітапханалар пайда болды. Сарай ертегілерін қайта өңдеудің характерлі үлгісі болған Маттео Боярданың (1434-1494) «Ғашық болған Роланд» поэмасы осы дәуірде туды. Боярданың аяқталмай қалған бұл поэмасы халық арасында кең таралды. Оны аяқтауға көптеген қаламгерлер ұмтылып көрді. Тек ақын Лодовико Ариостоның (1474-1533) «Ызалы Роланд» туындысы ғана бұл істі аяғына дейін жеткізді. Ақын қаһармандық роман-поэма жанрының жетілген формасын көркемдік тұрғыдан жоғары сатыға көтерді.
«Ызалы Роланд» поэмасы үстінде Ариосто көп уақыт еңбектенді. Бірінші жариялануынан соң да (1516) оны қайта толықтырды. Алдыңғы шығармада 40 өлең бар еді, соңғы жариялануында (1532) 46 өлең болды. Шығармада түрлі оқиғалар суреттелді, шынайы өмір көріністері фантастикалық суреттермен ауысып отырды.
Поэманың сюжеті көп қырлы, тақырыбы жағынан оны бірнеше топқа бөлуге болады. Алғашқы тақырыпта император Карл сарбаздарының сарациндықтармен соғысы баяндалады. Шығармада Карлдің ең батыр серілерінің бірі Роландтың өзге діндегі сұлу, бірақ жеңілтек Анжеликаны сүйіп қалуына байланысты оқиғаларға үлкен орын беріледі. Әуре-сарсаңда жүрген Анжелика қатты жарақаттанған сарацин жігіті Медорды өлімнен құтқарады және оған ғашық болады. Анжеликаны іздеп орманға барған Роланд шопан жігіттен Анжеликаның Медорды сүйетіндігін естіп, ызадан ақылын жоғалтады.
Поэманың тағы да бір сюжеті сарацин батыры Руджероның Брадаментиге деген махаббаты тарихынан тұрады. Мұнда ақын екі жас арасындағы қатынастарды өте кең фантастикалық оқиғалармен байланыстырады.
Поэма өзіндік әдіспен жазылған. Бұл нәрсе фантастикалық оқиғалар мен серілік бейнелеуде айқын көрінеді. Жазушы реал дүниені, адамның шынайы өмірдегі талап-тілектерін орта ғасырлық діни әдет-ғұрыптарға қарсы қояды. Мәселен, Астольф ұжмаққа барғанында, оны жақсы күтіп алып, тамақтандырады және атын атқораға жайғастырады. Рақаттанып ұжмақ алмасының дәмін татқан Астольф «Адам мен Хауа анаға кешірім беру керек екен» деген ойға келеді.
Итальян Қайта өрлеу дәуірінің ірі әдеби ескерткіші саналатын
«Ызалы Роланд» өз маңызын жоя бастаған орта ғасырлық діни тәртіптерге қарсы адам өмірінің ұлылығы мен сұлулығын дәріптеген, адамның бақытты өмірге деген ұмтылысы табиғи құбылыс екендігін паш еткен, гуманистік пікірлерді қорғаған таңғажайып поэма болды. Қайта өрлеу дәуірінің соңғы кезеңі феодалдық-діни озбырлықтың қысымы астында өтті. Гуманистік идеялар, пікір еркіндігі қуғынға ұшырады. Инквизиция күшейді, қайраткер жандар зынданға тасталды және орта ғасырлық зұлымдыққа және схоластикаға қарсы күресін жалғастырды. Осы дәуірдің ірі философы, астроном, жазушы Джордано Бруно (1548-1600) папа мен діннің бітіспес дұшпаны ретінде тарих сахнасына шықты. Ол
«дүниені Құдай жаратты» деген шіркеу іліміне поляк астрономы Коперниктің материалистік пікірлерін қарсы қояды. Жау алдында тізе бүкпегендігі үшін, оны отқа өртеп өлтірді.
«Шексіздік, фаза және дүние туралы» поэмасында (1584) Бруно әлем мен оның шегі туралы Коперник ойын одан әрі дамытты. Джордано Бруно тамаша ақын да болды. Ол өз өлеңдерінде ғылымның күш-құдіретін ардақтап, схоластикалық ілімді, дінді қатты сынға алды. «Жарық» атты сатиралық комедиясында (1582) байлар арасындағы бұзықшылықтарды, арамдық пен жауыздықтарды аямай әшкереледі.
Инквизиция зардабына ұшырағандардың бірі ірі философ, ғалым, утопиялық социалист Томазо Кампанелла (1568-1639) болды. Италияны Испания озбырлығынан азат ету үшін күрескені үшін оны зынданға тастады. 27 жыл қамауда отырған Кампанелла
осы жерде жекеменшік пен теңсіздік жойылған қоғамдық құрылысты бейнелеген «Күн қаласы» (1602) деп аталатын романын жазды. Бұл шығарма идеялық жақтан ағылшын гуманисі Томас Мордың
«Утопия» атты романымен мазмұндас болды.
Кампанелла «Философиялық өлеңдер» жинағына енген сюжеттерінде өнердің халыққа қызмет етуі ұлы міндет екендігі туралы, ғылым, білімге қызығу, табиғатқа жақындау және үйрену керектігі жайлы айтады.
Қайта өрлеу дәуірі қайраткерлерінің бірі астроном, физик және жаратылыстанушы ғалым Галилео Галилей болды (1564-1642). Ол шіркеу қуаттап келген «Күн Жерді айналады» дейтін түсінікке күман келтіріп, керісінше, «Жер Күнді айналады, Күн де өз осінде әрекет етеді» деген Коперниктің гелиоцентрлік жүйесін қолдайды. Мұндай пікірлері үшін ол инквизиция сотына беріліп, қуғындалады. Галилей ғылымда әрқандай тылсым күштерге орын жоқ екендігін айтып, Құдайды жаратылыс дүниесінен қуып шығады және оған тек материяны әрекетке келтіруші «алғашқы қозғалыс» беруші қызметті ғана қалдырады. Галилей «Терцинадағы өлеңдер» жинағымен де кең танылған болатын. Мәселен, «Тассо дастаны туралы пікірлер» деп аталатын туындысында гуманистік идеялардан бас тартып, тұрмыстық оқиғалар мен діни аңыздарды араластырып жіберген, реализмнен қол үзген Тассоны және оның «Азат болған Құдыс» шығармасын сынайды. Ізшіл, табанды гуманист жазушы Ариосто шығармашылығын оған қарсы қояды.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Қайта өрлеу қозғалысының Италияда пайда болуының негізгі себептері неде?

  2. «Петраркалық стиль» еуропалық ренессанстық поэзияның дамуына қандай әсер етті?

  3. Боккаччоның «Декамерон» туындысының итальян көркем прозасының дамуына әсері қандай болды?

  4. Дантенің «Құдіретті комедия» шығармасы қай кезеңде жазылды?

  5. Данте шығармашылығына әсер еткен ежелгі рим қаламгері кім?

  6. Дантенің 700 жылдық мерейтойы қай жылы атап өтілді?

  7. Итальян гуманизмінің қайшылықтары неде еді?

  8. Кампанелланың өнерге көзқарасы қандай?

    1. тарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет