«Ламанчтық Дон Кихот» романы
«Дон Кихот» романының жазылуы испан мәдени өмірінде өте үлкен оқиға болды. Шығарманың мазмұнында Сервантес серілік романдарды қатты сынға алуды негізгі мақсат етіп қояды.
«Дон Кихот» сырттай қарағанда орта ғасырлық серілік романдарға пародия болып көрінгенімен, оның мазмұны өте тереңде жатыр. Шығарма бүкіл феодалдық қоғамды және сол қоғамның
әдет-ғұрыптарын, заң-тәртіптерін аяусыз әшкерелеген ащы сатира еді.
Поль Лафарг барлық роман жазушылардың ішінде Сервантес пен Бальзакты өте жоғары бағалаған. «Дон Кихоттан» болса, өліп бара жатқан серілік эпосты көрген.
Орыс революцияшыл демократы В. Г. Белинский даңқты «Дон Кихоттың» авторына жоғары баға бере отырып, «ол романның идеал түрде дамуына қатты соққы берді және оны шыншыл бағытқа салды», деп көрсетті.[9.424]
Жоғарыда келтірілген пікірлер Сервантес шығармасының маңызын ашуда, әрине, ерекше қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |