Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет23/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

«френдер»
– қайғылы 
жырлар ерекше орын алады. Қаһармандардың қазасына, туысқандары 
мен достарының өлiмiне арналып жазылған мұндай өлеңдерiнде 
Симонид өзiнiң қайғысын, қасiрет-наласын бiлдiредi»[1,64].
Симонид басқа жанрларда да қалам тартқан. Оның жырлары – 
қарапайымдылығы, айқындылығы, өткiр ойлылығы, әрi нәзiктiгiмен 
ерекшеленедi.
Антик дәуiрде және жаңа заманда классикалық лириканың озық 
үлгiсi ретiнде танылған ақын - 
Пиндар
(шамамен б.з.б. 518-442). 
Фива қаласына жақын жерде зодагон ақсүйек отбасында дүниеге 
келген. Пиндар жас шағында өте жақсы тәрбие алады. Түрлi бiлiм 
салаларын, әсiресе музыканы терең игередi. Пиндар да бүкiл өмiрiн 
саяхатта, тирандар мен патшалар сарайында өткiзген. Пиндар, 
негiзiнен хор жанрында еңбек еткен ақын. Бiрақ оның даңқын бүкiл 
антик дүниеге танытқан шығармалар – ақынның эпиникийлерi, 
яғни қаһармандық жырлары едi.
Пиндардың 17 жинақтан тұратын бай әдеби мұрасынан бiзге 
дейiн төртеуi ғана толық күйінде жеткен. Осы жинақтардағы 45 
өлеңнiң барлығы жалпыгректiк сайыс мерекелерде жеңiске жеткен 
батырларға арнап жазылған жырлар. Сол төрт жинақтың бiрiншiсiне 
– Олимп, екiншiсiне – Пифо, үшiншiсiне – Истим және төртiншiсiне 
– Немей сайыстарында жеңген қаһармандарға арналған өлеңдер 
кiредi.


60
Пиндар өлеңдерiнiң мазмұны өте күрделi және жан-жақты. Автор 
өз қаһарманын мақтаудан алдын сөздi сайыс ойындарға байланысы 
жоқ кейбір мәселелерден бастайды, кейiн батырдың қандай сайыста 
және қай жерде жеңiске жеткендiгiн айтып, жол-жөнекей баяндауды 
түрлi оқиғалармен, насихат сөздермен толықтырып отырады. 
Ақын өзiнiң барлық шеберлiгiн әрине, батырдың жеке қасиеттерiн, 
қайрат-жiгерiн, өткендегi ғажайып ерлiктерiн мадақтауға 
жұмсайды. Осындай батырды өсiрген елге, оның ата-бабаларына 
алғыс жаудырады. Мифологиядан кең пайдалану – Пиндардың 
жалпы жырларына тән ерекшелiк. Мифологиялық образдар сайыс 
ойындарға, қаһарманның тiкелей өзiне қатысты болмаса да, 
мадақталушы адамның жеке қасиеттерiн тереңiрек ашуда ерекше 
қызмет атқарады.
Пиндар поэзиясындағы мұндай ерекшелiктер антик дүниеде 
ақынға ұлы құрмет, атақ-даңқ алып келдi, оны бүкiл грек жұртының 
ұлттық ақыны дәрежесiне көтердi. Ол жырларында мифологиядан 
еркiн пайдаланған дедік. Пиндар - өз елi Фиваны өте сүйген жан. 
Бiзге жеткен жырларында ақынның бұл сезiмi айқын көрiнедi. 
Бiрақ, олардың парсыларға тiзе бүгуiн ешқандай ақтағысы келмейдi. 
Керiсiнше, парсыларға қарсы тұрған табанды Афинаға бүйрегi 
бұрады. Соңынан афиналықтар ақынға зор құрмет көрсетiп, оған 
өзiне лайық абырой, атақ берген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет