Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет47/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Квинт
Энний 
(б.з.б.239-169) болды. Оның туған жері Италияның оңтүстігіндегі 
Калабрия өлкесінде грек мәдениеті көне замандарда-ақ кең 
таралғандықтан, ақын балалық шағынан бастап эллин философиясы 
мен әдебиеті әсерінде тәрбиеленеді. Кейін Римге қоныс аударып, 
осы елдің азаматы ретінде Пун соғысына қатысады. Римге оралған 
соң латын және грек тілдерінен дәріс сабақтар оқытады, әдеби 
қызметпен шұғылданады.
Энний өз шығармашылығының алғашқы кезеңінде Ливий 
Андроник пен Невийдің әдеби дәстүрін жалғастырып, грек 
комедиясы мен трагедияларын Рим сахнасына бейімдеумен 
айналысады. Замандастарының айтуына қарағанда, комедия 
жанрында әлсіздік танытқан Энний көрермендерге ұнамайды. 
Дегенмен, оның трагедиялары Рим театры сахналарынан ұзақ жылдар 
бойы түскен жоқ. Грек трагедияшылары арасында Эннийді көбірек 
қызықтырған ақын – Еврипид. Рим ақынының Италия тұрмысына 
сәйкестендіріп қайта өңдеген нұсқалары арқылы көрермендер ұлы 
грек қаламгерінің бірнеше туындысымен («Гекуба», «Ифигения», 
«Александр», «Медея» және т.б.) танысады. 
Бізге дейін жеткен кейбір үзінділерден трагедия жанрында 
Эннийдің өте талантты ақын болғандығы, қаһармандардың ішкі 
жан-дүниесін ашуда, әсіресе олардың шабытты, буырқанған 
сезімдерін көрсетуде өзінен алдыңғы ақындардан едәуір биікке 
көтерілгендігі айқын сезіледі. 


136
Энний өзінің өткір поэтикалық шеберлігін «Анналдар» 
дастанында кеңірек танытады. 60 мың жолдан тұратын 18 тарау 
(бізге дейін оның 1200 өлең жолы жеткен) бұл шығарма Энейдің 
Трояны тастап қашуынан бастап, сонау ақын өмір сүрген кезеңге 
дейінгі Рим тарихын толық қамтиды. Энний «Анналдарды» жазуға 
кіріскенінде, Рим құдайларынан медет тілеп, сыйынып отырмайды. 
Ол тек Гомердің жәрдеміне ғана сүйенеді. Шығарманың кіріспесінде 
айтылуынша, «Энний бір күні түс көреді. Түсінде музалар оны 
көкке көтеріп, Геликон тауының асқар шыңына алып шығады. Осы 
жерде ғайыптан Гомер пайда болып, өз талантын Эннийге сыйға 
тартқан-мыс».
«Анналдардың» авторы осы кіріспесімен «Илиада» және 
«Одиссея» әдісінде дастан жазбақшы болғандығын, грек ақынынан 
үлгі ала отырып, Рим елінің Гомері болғысы келетіндігін ескертеді. 
Шындығында да Энний Гомердің көркемдік әдістерінен (эпитеттер, 
теңеулер), поэтикалық тәсілдерінен кең түрде пайдаланып, 
тамаша жетістіктерге қол жеткізеді. Энний өзінің дастан жанрына 
енгізген осындай жаңалықтарымен бірге латын поэзиясындағы 
өлең құрылысын да түбегейлі өзгертіп, ескі сатурн өлшемін грек 
гекзаметрімен ауыстырады. Рим әдебиеті тарихында алғаш рет 
Энний тарапынан қолданылған бұл өлең өлшемі поэзияның 
кейінгі даму барысында мол мүмкіндіктер туғызады. Эннийдің 
эпикалық дастанынан сақталып қалған үзінділерге назар аударсақ, 
ондағы әдемі көріністер, өткір драмалық тартыстар, терең рухани 
толғаныстар, жалпы, ірі поэтикалық эпизодтарды жасауға деген 
құлшыныстар ақын қолданған латын гекзаметрінің мүмкіндігі мол 
болғандығын дәлелдейді. Эннийден соң жаңа өлең өлшемі рим 
эпикалық шығармаларының негізгі көркемдік тәсіліне айналып, 
сатурн өлшемі қолданыстан мүлдем шығып қалды.
Энний драма және дастан жанрларын дамытумен ғана шектеліп 
қалған жоқ. Ақын өз халқы арасында ілім мен білімді кең түрде 
насихаттау мақсатында оларды грек философиясының озық 
үлгілерімен де таныстырды. Ол грек дидактикалық поэзиясын, 
грек эпиграммасын да қайта өңдеді. Шағын өлеңдерден, мысал 
және кішігірім күлкілі әңгімелерден құрастырылған «Сатурлар» 
(«құрама») жинағын жазды. 


137
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Рим әдебиетінің тарихи маңызы мен оның антикалық 
қоғамдағы орны?
2. Рим әдебиетінің қалыптасуына ежелгі грек әдебиетінің 
тигізген әсері қандай болды?
3. Алғашқы рим ақындары шығармашылығындағы әдеби 
ізденістер.
2-тарау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет