Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


ХVІІ ғасырдағы испан әдебиеті



Pdf көрінісі
бет122/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

ХVІІ ғасырдағы испан әдебиеті
ХV ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастаған испан 
монархиясы ХVІ ғасырда гүлденіп, ХVІІ ғасырдың бірінші 
жартысында дағдарысқа ұшырайды.
Англия мен Францияда жеке билік мемлекеттегі ұлттық бірлікті 
қамтамасыз ету және оны экономикалық жақтан нығайту үшін 
күресіп жатқан осы дәуірде, Испаниядағы король өкіметі мұндай 
жеңістерге қол жеткізе алмайды. Жеке билік өзінің әділетсіз 
саясатымен мемлекеттің дамуына кедергі болады. Монархтың 
сеніміне ие болған феодал зодагондардың құқықтары шексіз 
еді. Әсіресе, Филипп ІV заманында (1621-1665) граф Оливарес 
мемлекет байлығын тонайды, халықты аяусыз қанайды. Әлеуметтік 
және ұлттық езгіге қарсы басталған көтерілістер жауыздықпен 
бастырылады. Феодалдық-діни зұлымдықтар өрши түседі. Бұл 
дәуірде «шіркеу жеке биліктің қолындағы ең қорқынышты қаруға 
айналған еді». Христиан діні Испанияның саяси өміріне ғана 
емес, сонымен бірге оның экономикалық жағдайына да ықпал 
етті. 6 миллион халықтың бір миллионнан артығы діндарлар еді. 
Жердің төрттен бір бөлігі солардың қолында болды. Мемлекеттің 
шаруашылығы толығымен күйрейді. Жаугершілік саясат Испанияны 
ауыр жағдайларға алып келді. Испания отарланған жерлерінен 
айрылып, ақырында әлсіз, екінші дәрежедегі мемлекеттер қатарына 
қосылды. Бір ғасырдан да аз уақыт ішінде мемлекет халқы екі 
миллион адамға кеміді. Инквизиция бірнеше он мыңдаған адамды 
құрбан қылады. ХVІ-ХVІІІ ғасырларда 30 мыңнан аса адам отқа 
өртеліп, 300 мыңға жуық адам зынданда өлтірілді. 
Мемлекеттің әлеуметтік тұрмысындағы маңызды оқиғалар сол 
дәуірлердегі көркем әдебиетте өз көрінісін тапты.
ХVІІ ғасырдағы испан әдебиетінде үш әдеби бағыт айқын 
көрінеді. Олар Қайта өрлеу реализмі, классицизм және барокко 
бағыттары. Антикалық өнер мен халық ауыз әдебиеті жәдігерліктерін 
шебер ұштастыра білген Қайта өрлеу реализмі Испанияда басқа 
мемлекеттерге қарағанда едәуір кеш пайда болды. Оның ұсынған 
гуманизмі католиктік саясаттың қарсылығына ұшырайды. 


293
Кейбір жағдайларда христиан діни танымдары жазушылар 
шығармашылығына өз әсерін тигізіп отырды. Сондықтан, реалистік 
әдебиетте барокконың жекелеген белгілері анық байқалады. 
Антикалық әдебиеттің қағидаларын жалаң қабылдаған классицизм 
Испанияда өзінің дамуына негіз таба алмайды, оны тек жеке 
ғалым-филологтар ғана қолдайды және олар өздерін ежелгі мәдени 
мұраларды сақтап қалушылар деп санайды. Мадрид академиясы 
мен кейбір профессорлар Лопе де Веганың реалистік эстетикасына 
қарсы шығып, оның театрын «есуас халық» театры деп кемсітеді.
Соның үшін Лопе де Вега классицизмнің әрқандай қағидаларын 
мойындаудан бас тартады. Бірақ классицистердің жақсы жақтары 
да болды. Олар әдебиеттегі барокконың бір көрінісі болған 
гангоризмді (культеранизмді) сынға алды. Классицист Бартоломэ 
Леонардо де Архенсола (1562-1631) үш бірлік қағидасын ізшіл 
қорғаушы сипатында гангоризмді сынап, шығармадағы тілдің 
тазалығы, анықтығы үшін күреседі. Испан ақыны Гангора (1561-
1627) шығарма мазмұнын күрделендіре түсетін ақсүйектік әдісті 
туғызады. Ол қарапайым халық үшін емес, ал ат төбеліндей 
«таңдаулылар», яғни нәзік талғамдағы «мәдениетті» жандар үшін 
(«культенаризм» термині осыдан шыққан) шығарма жазу керек, 
дейді. Сонымен бірге, гангорашылардың дүниетанымы да күрделі, 
түңілушілік мазмұнда болды. Гангора сонеттерінде «өте тәтті у», 
«еркелеу пен зарлану», «ләззатты қасірет» сияқты қарама-қарсы 
теңеулер көп кездеседі. Әрине, классицистер де «мәдениетті» 
жандар үшін шығарма жазғысы келді. Бірақ, олар гангорашылар 
тәрізді қарапайым халыққа жиіркенішпен қарамай, оларды орта 
ғасыр азаптарынан құтқару мақсатында антикалық өнерден 
пайдалануға ұмтылады.
Испан әдебиетінде барокко ағымы ХVІІ ғасырдағы Батыс Еуропа 
мен Испанияның ішкі және тарихи өміріне сай негізде кең түрде 
дамыды. Осы дәуірдегі испан философиясы әлсіз, түңілушілік рухта 
болды. Ағылшын қайраткері Бэконның замандасы испан философы 
Франческо Санчес Қайта өрлеу дәстүрлерін жалғастырып, орта 
ғасыр схоластикасына қарсы шыққанымен, ақырында ол үмітсіздікке 
(«Білу мүмкін болған нәрсенің жоқ екендігі туралы») беріледі. 
Вальтазар Грасиан да қайғы аралас әзілінде бай-ақсүйектердің 
мінездерін масқаралайды, бірақ оның кекесінге толы философиялық 
пікірлерінде адамның күші мен құдіретіне деген сенімсіздік бар 


294
болатын. 
Барокко жазушылары антикалық өнер мен Қайта өрлеу дәуірі 
әдебиетінің теориялық жетістіктерін, эстетикалық дәстүрлерін 
жоққа шығармайды, халық шығармашылығынан да қол үзіп 
кетпейді. Сонымен бірге, орта ғасырдағы діни-клерикал әдебиетті 
жаңа жағдайда қайта дамытады, ескі әдеби үлгілер орнына енді 
мазмұны жеңіл, бірақ эстетикалық жағынан әсерлі тәсілдерді табады. 
Барокко бағытына тән болған мистикалық-аллегориялық тәсілдер 
осы кезеңнің ірі драмашысы Кальдерон шығармашылығында айқын 
көрінеді.
ХVІІ ғасырдағы испан әдебиетінде Қайта өрлеу реализмі 
дәстүрлерін жалғастырған ұлы жазушы, әрине, Лопе де Вега болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет