Бақылау тапсырмалары 1. «Еңбек пен күндер» шығармасының авторы кім? A) Еврипид.
B) Софокл.
C) Гомер.
D) Демокрит.
E) Менандр.
2. «Одиссея» дастанындағы Одиссейдің отаны: A) Афина
B) Спарта.
C) Авлида.
D) Фива.
E) Итака.
346
3. 1615 жылы жарияланған «Илиада» туралы диссертация» еңбегінің авторын көрсетіңіз: A) Фридрих Август Вольф.
B) Франсуа д Обиньяк.
C) Готфрид Герман.
D) Генрих Гейне.
E) Генрих Нич.
4. Лесбос аралында «Музалар мүйісі» атты қыздар мектебін ашқан ақын: A) Вакхилид.
B) Пиндар.
C) Сапфо.
D) Алкей.
E) Феогнид.
5. Ежелгі грек әдебиетіндегі думанды лириканың «эпиникий» (жеңіс жыры) жанрының негізін салған ақын: A) Солон.
B) Симонид.
C) Пиндар.
D) Архилох.
E) Гесиод.
6. Трагедияға екінші актерді тұңғыш енгізген трагедияшы ақын: A) Еврипид.
B) Софокл.
C) Аристофан.
D) Эсхил.
E) Плутарх.
7. Эдип туралы аңыздар сюжетінде жазылған «Эдип патша», «Колондағы Эдип» және «Антигона» трагедияларының авторы: A) Софокл.
B) Эсхил.
C) Еврипид.
D) Вергилий.
E) Геродот.
347
8. «Мен адамның қандай болуы тиіс екендігін суреттесем, Еврипид адам қандай болса, нақ сол күйінде бейнелейді» деген сөзді айтқан ежелгі грек қаламгері: A) Эсхил.
B) Аристотель.
C) Геродот.
D) Фукидид.
E) Софокл.
9. Философиялық қолданысқа «идея» сөзін тұңғыш енгізген данышпан: A) Сократ.
B) Пифагор.
C) Горгий.
D) Аристотель.
E) Платон.