Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет46/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

Гней Невий
(шамамен б.з.б.270-200). Бұл ақын Андроник сияқты 
Римге «келімсек» жан емес. Ол өз халқының тұрмыс-тіршілігін 
жақсы білетін, сол халықтың арман-тілегімен тыныстаған нағыз 
Рим азаматы, екінші Пун соғысының ардагері еді. Біз оның 
өмірінен Рим азаматының шынайы бейнесін, әдеби қызметінен 
болса, еркін қаламгердің алғашқы белгілерін көреміз. Невийдің 
шығармашылығында драмалық туындылар, яғни трагедиялар мен 
комедиялар негізгі орынды алады. Бұл ақын да Андроник сияқты 
өзінің трагедиялық туындыларының сюжетін грек қаламгерлерінің 
шығармаларынан алған. Бірақ, өз Отаны тұрмысынан алынған
сюжеттерге трагедиялар жазу сияқты ұлы міндет Рим тарихында 
тұңғыш рет осы Невийге бұйырады. 
Ұлттық мазмұнда жазылған мұндай трагедиялардың 
қаһармандары сахнаға Рим сенаторлары киетін алуан түсті киім, яғни 
протекста киіп шығады. Сол себепті, осы шығармаларды 
протекста
деп атаған. Невий жазған протексталардан біз тек екеуінің ғана 
атын білеміз. Мұның бірі – «Ромул», екіншісі – ақынның замандасы 
Клавдий Марцелдің Кластидий қаласы маңындағы галдармен 
болған шайқасы туралы жазылған «Кластидий» трагедиясы.
Невий трагедияға қарағанда комедиялары арқылы кеңірек 
танымал болды. Бірақ, мұнда да ақын өзінің әріптесі Андроник 
секілді грек комедияларын Рим сахнасына көшіріп қоя салмай, 
тұңғыш рет Рим әдебиеті тарихында 
контаминация
, яғни екі грек 
комедиясынан жаңа бір Рим комедиясын жасау әдісін қолданады. 
Плавт пен Теренций тәрізді атақты ақындар кейін бұл әдістен кең 
түрде пайдаланды.
Невий негізінен, ежелгі аттика комедиясындағы секілді 
өз туындыларында Рим мемлекетінің ірі қайраткерлеріне тіл 
тигізуден, заманының жайсаңдарының кемшіліктерін әшкерелеуден 
қорықпайды. Жалпы оның комедияларындағы өткір саяси сатирадан 
Рим тұрмысының ұлттық тынысы айқын сезіледі. 
Невий талантының ең биік шыңы – «Пун соғысы» атты дастаны. 
Рим ұлттық дастаншылық өнерінің негізін салу тұрғысынан 
бұл туынды латын әдебиеті тарихында маңызды орынды алады. 
Дастан жақында ғана болып өткен алғашқы Карфаген соғысының 
оқиғаларына арналған. Бірақ, шығармада Гомер дастандарындағы 
сияқты шынайы тарихи оқиғалар мифологиялық аңыздармен 
аралас бейнеленген. Біз дастанның басында өртке оранған, апатқа 


135
ұшыраған Троя қаласын көреміз. Қаһарман Эней құдайлардың 
әмірімен өз жұртын тастап кетуге мәжбүр болады. Теңіз сапарының 
ауыр азаптарын жеңіп, Энейдің Карфаген қаласындағы Дидона 
ханымның құзырына келуі, осыдан соң троялықтардың Италия 
жағалауына бағыт алуы және Энейдің ұрпағы болған Ромулдің Рим 
қаласының іргетасын қалауы шығармада кең түрде баяндалады. 
Сөйтіп, рим халқының троялықтардан келіп шыққандығы жайлы 
аңызды алғаш рет көркемдік тұрғыда жырлаған ақын осы Невий 
болды. Невийдің басқа туындылары сияқты «Пун соғысы» 
дастанынан да аздаған үзінділер сақталып қалған. Сондықтан да 
оның көркемдік ерекшеліктеріне толығырақ тоқталудың мүмкіндігі 
жоқ. Ғасырлар бойы дастанның рим халқы арасында ең сүйікті 
туынды болып келуі, шығарманың көркемдік жағынан осал 
болмағандығын дәлелдесе керек деп ойлаймыз.
Алғашқы Рим ақындарының ең көрнектісі, әрине 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет