Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет98/156
Дата07.02.2022
өлшемі2,71 Mb.
#84026
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   156
Байланысты:
koblanov-shetel-ad-tar

«Генрих V» драмасы
Шекспир абсолюттік монархияны ілгерішіл күш ретінде алғаш 
рет «Генрих V» (1599) драмасында көрсетеді. Генрих V мемлекет 
халқын сыртқы және ішкі дұшпандарға қарсы күреске үндейді.
Шығармадағы оқиға орайында Англия мен Франция 
ортасындағы соғыс баяндалады. Генрих V өзіне дейін билік құрған 
корольдерден ерекшеленіп тұрады: мемлекетті басқаруда әкесі 
Генрих ІV яки Ричард ІІІ-ге ұқсап айла жасамайды, опасыздық 
танытпайды. Франциямен байланысты болған жанжалды да 
бейбіт жолдармен шешуге ұмтылады. Өзіне тиісті заңды жерлерді 
қайтарып алғысы келеді. Француз ханшасы Екатеринаға қарапайым 
қатынаста болады. Ол өзін ғашық қылып көрсетпейді, жасанды 
сөздер айтпайды, оған үйленудегі мақсаты екі мемлекет ортасында 
одақ орнату екендігін жасырмайды. Азинкур маңындағы шайқас 
алдында король әскердің көп бөлігін құраған шаруалар құзырына 
қарапайым дворян киімінде барып, олардың көңіл-күйін біледі. Ол 
өз әскерлерін мемлекет үшін батыл шайқасқа үндейді, жазушы оны 
заманасының саяси- ілгерішіл идеяларын өз бойына жинақтаған әділ 
билеуші, батыл қолбасшы, өз халқымен тіл табыса білетін кішіпейіл
жан сипатында бейнелейді. Идеал монарх туралы иллюзия бұл 
шығармада белгілі дәрежеде өз көрінісін тапқан.
Тарихи Генрих V мұндай жоғары қасиеттерден ұзақ тұрған 
король еді, әрине. Бірақ жазушы Генрих V-ні халық балладалары мен 
ертектеріндегі әділ билеуші образы сияқты бейнелеуге ұмтылып, 
онда өзінің гуманистік көзқарастарын жинақтайды. Бірақ Шекспир 
Генрих V-нің әлсіз жақтарын да көрсетті, ол тек өзін жалғыз 
билеушімін деп білген, адамгершілік сезімдерден мақұрым қалған 
жан болғандықтан идеал мемлекет қайраткері бола алмайтын еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет