Оқулық. М.Қ. Оспанова; Қ. С. Аухадиева; Т. Г. Белоусова, Алматы: Мектеп, 2019. 10 сынып. 1-бөлім



Дата07.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#90884
түріОқулық
Байланысты:
4d5b8fafdebe40bb8500b77cc15ea724


Химия пәнінен қоғамдық- гуманитарлық бағыттағы 10 сынып оқушысы -----------------------өзіндік жұмыс жоспары. I тоқсан
Қолданылатын оқулық. М.Қ.Оспанова; Қ.С.Аухадиева; Т.Г.Белоусова, Алматы:.Мектеп, 2019.
10 сынып. 1-бөлім
Сабақтың нөмірі: 2
Сабақтың тақырыбы: Квант саны. Паули принципі, Хунд ережесі, Клечковский ережесі.
1.Оқу мақсаты: 10.1.3.1 квант сандарының сипаттамасы мен мәндерін білу;
2. Конспект
Белгілі бір электроннің кеңістікте орналасқандығы туралы ақпараттар жиынтығы атомдағы электронның күйін сипаттайды. Электронның атом кеңістігінде ең көп болуының аймағы атомдық орбиталь деп аталады. Атомдағы әр электронның күйін 4 квант санымен (бас квант саны (n), орбиталь квант саны (l), магниттік квант саны (m), спиндік квант саны (s)) сипаттайды. Бас квант саны электронның энергетикалық деңгейін және атомдық орбиталдың мөлшерін анықтайды, оның мәні бүтін сандарға ие (бас квант саны периодтар санымен анықталды, мысалы екінші периодтың бас квант саны 2 ге тең). Атомдағы энергетикалық деңгейлер саны элемент орналасқан периодд нөміріне тең. Бірдей бас квант санына ие болған электрондардың жиынтығы энергетикалық деңгей деп аталады, сол энергетикалық деңгейдегі электрондардың максималды саны N=2n2 формуласымен анықталады. N- берілген энергетикалық деңгейдегі электрондар саны, n- период нөмері. Орбиталь квант саны (l) атомдық орбитальдың пішінін сипаттайды. Мысалы, n=2 тең болса, l=0,1 деген мәндерді қабылдайды. l саны деңгейшені сипаттайды, және l сипатталатын электрондардың жиынтығы энергетикалық деңгейше деп аталады. l=0 болса, деңгейше s, l=1 болса, ол p, l=2 болса, ол d, l=3 болса, ол f деп белгіленеді. Деңгейдегі энергетикалық деңгейшелер саны бас квант санынан артық болмайды. Кітаптың 12 бетіндегі 3-10 суреттерге, 2-5 кестелерге назар аударыңыз. Деңгейшедегі орбитальдар саны магниттік квант санымен анықталады. Магниттік квант саны ядроның магнит өрісіндегі орбитальдардың таралуын сипаттайды. m=2l+1 формуласымен анықталады. l=0 болса m=0 деген мән қабылдайды, ал l=1 болса, ол -1,0,1 деген мәндерді қабылдайды. Спиндік квант саны электронның өз осінен сағат тілімен бірдей (+1/2) немесе оған қарсы (-1/2) бағытта айналуын көрсетеді. 4 квант саны бірдей 2 электрон болуы мүмкін емес, кем дегенде бір квант саны бойынша айырмашылық болады. Электрондардың қабаттар мен орбитальдарда таралып орналасу сызбанұсқасы атомның электрондық конфигурациясы деп аталады.
3. Онлайн ресурстар
1. https://www.youtube.com/watch?v=hiSU3AeXV3I (нажмите CTRL и щелкните ссылку) осы сілтеме арқылы квант сандары туралы кейбір мәліметтермен танысыңдар.
2. https://bilimland.kz/ немесе https://daryn.online/ сайтындағы видеоларды көріп, өзіңе қажетті материалдарды дәптеріңе көшіріп жаз.
4.Тапсырмалар
1. Бас квант саны нені сипаттайды және қандай мәндерге ие болады? Қандай әріптермен белгіленеді?
2. Орбиталь квант саны нені сипаттайды? Орбитальдық квант саны қандай мәндерге ие және олардың пішіндері қандай?
3. Магниттік квант мен спиндік квант саны нені сипаттайды және қандай мәндерге ие? Орбиталдардың шартты түрде белгіленуін көрсетіңіз?
4. Не себепті 4 квант саны бірдей 2 электрон кездеспейді? Себебін түсіндіріңіз?
5. Кері байланыс:
тапсырманы орындап, жауабын Whats App, электронды почта арқылы жіберіңіз. Бұл тақырып бойынша сізге берілген мақсаттың қайсысы қиындық туғызды

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет