Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет202/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Жүректі сырттан сығымдау. Бұл тәсіл өте қарапайым, кез-келген жерде құрал-жабдықсыз көмек көрсете алады. Қатты жерге (стол, еден т.б.) жатқызып, кеуде тұсын ашып, өкпеге 4-5 рет үрлегеннен кейін бастау керек. Жүректің омыртқа мен төс сүйегінің арасында екенін ескеріп, күшті жоғарыдан төмен, жүрекке тікелей - төс тұсынан алақан немесе саусақ арқылы түсіреді. Баланың жас шамасына қарай, бұл әдіс әртүрлі тәсілмен жүргізіледі. Нәрестелер мен сәбилерде, сығымдау күші түсірілетін жер - төстің орта тұсы, ал ересек балаларда - төстің үштен бір бөлігі. Сәбилерде, алақанның ішкі жағымен, бармақ немесе ортаңғы саусақ арқылы сығымдауға болады. Кейде ол үшін екі саусақ қолданылады. Күшті көбірек керек еткенде, әсіресе ересек балалар мен үлкен адамдарға, алақанмен немесе екі қолды бірінің үстіне бірін қойып басады. Кеудеге түсер қысым жиілігі, жасына қарай, жүрек соғуының минуттық қалыпты санынан кем болмау керек (сәбилер үшін 100-140, ересектер үшін 70-90 қысым). Неғұрлым сығымдау кезінде күш көбірек түссе, соғұрлым екі сүйек арасында қысылып, қан ми мен басқа тамырларға көп кетеді. Кеуде тұсына қысылу жасағанда сәбилер төсі 1-2 см, ал ересектерде 3-4 см ішке қарай ығысуы керек.
Әдетте тиімді жүргізілген сырттан сығымдаудың айғағы:

  1. Мойын күре тамырларының немесе шеткі тамырлардың серпіні байқалады (atenoralis radialis).

  2. Бет сұрлануы, көгеруі азайып, бет бозғылданып, қызара бастайды.

  3. Көз қарашықтары кішірейіп, жарыққа әсер беруі қалпына келе бастайды.

Денедегі жарақаттан қан аға бастайды. Баланың тыныс алу белгілері, кеуде мен жүрек тұсы қимылдай бастайды. Жүректі сырттан сығымдау тиімсіз болған жағдайда, тікелей іштен сығымдау тәсіліне көшеді. Жүректі сырттан сығымдау кезінде төс сыну, пневмоторакс, гематоракс сияқты асқынулар болуы мүмкін.
Реанимация кезеңінде қолданылатын дәрі-дәрмектер. Дәрілер, жандандыру кезінен бастап сығымдау тәсілімен бірге қолданады:

  1. Жүрек еттерінің метаболизмі мен өткізгіштігін, қозу қабілетін , систолалық қысымын күшейту үшін - адреналин, норадреналин (нәрестелер үшін 0,25 мг, ересек балалар үшін 0,5 мг).

  2. Ацидозды залалсыздандыру үшін - 4% натрий бикарбонатын (2,5 м л/кг есебінен).

  3. Жүректің, қан тамырларының қозу қабілетін, А-В адреномиметиктердің күшін арттыратын глюкокортикоидтық гормондар (преднизолон, дексазон), қалыпты мөлшерінен 2-3 есе көп (кезбе жүйке қозуын басу үшін жүректің рефлекторлық тоқтауына жол беру үшін).

  4. Атропиннің 0,1% ерітіндісі әр жасына 0,05 мг-нан қан тамырларының өткізгіштігін жақсарту үшін.

  5. 10% кальций хлорид ерітіндісі (1,0 мг әр жасына)

  6. Гипоксиялық зиянды әсерлерді басу т.б.

Адреналин, қантамырларының альфа-бетта адренорецепторларына әсер етіп, жүрек соғуының жандануына жағдай жасайды, шеткі тамырлардың тонусын көтеріп, қан тамырларын тарылта түседі. Соның арқасында, диастолалық қан қысымы көтеріліп, жүрек қантамырында қан жүрісі жақсара бастайды. Белгілі бір жағдайларда (вена, артериялардан беру амалының жоқтығынан), жүректің сол жақ қарынша қуысына енгізу - бірден бір тәсілі болып табылады. Ол үшін, 10 см-лік инемен, төстің сол жағынан 0,5-1,0 см шеткері, 4-5-қабырға аралығында жүректің сол жақ қарыншасын тесіп, тиісті дәрілерді енгізеді. Бұл тәсілдің оң және теріс жақтары аз емес. Жүрек тесу әрекеті кезінде реанимациялық әрекетті тоқтату керек. Бұның өзі клиникалық өлім кезеңін ұзартып, гипоксия әсері үдей түседі. Пункция кезінде өкпе- жүрек тамырлары зақымдануы мүмкін. Пневмоторакс, гемоторакс, жүрек тампонадасы сияқты жағдайларға әкелуі ықтимал.
Реанимация кезеңінде дәрі-дәрмек енгізу үшін венаның қажеттілігін ұмытпаған жөн. Бұдан басқа, жіліншік, өкше сүйектері, тері асты, бұлшық ет арқылы енгізу жедел көмек бере алмайды. Кейбір тәжірибелерде, реанимация кезінде, тіл асты, кеңірдек пен бронх арқылы енгізу әдістері де қолданылып жүр. Бұл тәсілдер, қан тамыры арқылы енгізу әсеріне жақын қарапайым және тез қолданылады. Интубация жасалғаннан кейін, дәріні түтік арқылы кеңірдек пен бронхқа жіберуге болады. Бірақ, дәрілер дозалары екі есе көп, физиологиялық ерітіндімен жылытып, бірге жіберілуі шарт. Тыныс жолдарын тітіркендіретін натрий бикарбонаты, 10% кальций хлориды ерітіндісін қолдануға болмайды.
Жүректі іштен сығымдау, сырттан сығымдау тиімсіз болғанда, қабырғалар мен төс сүйегі сынғанда, жүрек кеуденің бір жағына ығысқанда т.б. жағдайларда жасалуы тиіс.
ЭКГ мен жүрек фибрилляциясын анықтаған соң, дефибрилляциялайтын электр ток аппараты қолданылады. Дефибрилляциялауды электр ток техникасын, қауіп-қатерін білетін дәрігер жүргізу абзал. Жүрек жұмысы жанданғаннан соң, емдеу жұмысының мақсаты тыныс, жүрек-қан тамырларының қызметін нашарлатпай, орталық ми, оның сыртқы қабаты қызметін қалпына келтіру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет