Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


Көкірек қуысының «киль» тәрізді (килевидная) деформациясы



бет12/214
Дата05.11.2023
өлшемі7,26 Mb.
#189890
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   214
Байланысты:
1 балалар хирургиясы кітап

Көкірек қуысының «киль» тәрізді (килевидная) деформациясы
Көкірек қуысының киль тәрізді деформациясы да (кеме түбі сияқты шығыңқы болуы) даму ақауы болып табылады. Кейде ақаудың тұқым қуалауы байқалады.
Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Әдетте деформация туғанда анықталып, өсе келе үдейеді. Алдыға шыққан төс және ішке кірген қабырғалар оған киль тәрізді пішін береді. Деформация симметриялы және асимметрия болуы мүмкін. Асимметриялық түрінде қабырғалардың шеміршектік бөлігі төсті бір жағына көтеріп, төс бір жағына қисаяды. Аралас түрлері де кездеседі. Бұл жағдайда төстін жоғарғы үштен бір бөлігі көтеріледі, ал төменгі бөлік семсер тәрізді өсіндімен бірге күрт түсіп тұрады.
Функциялық бұзылыстар әдетте байқалмайды. Синдромальды түрлері және көкірек қуысының көлемінің айқын кішіреюі кезінде жылдам шаршағыштық, ентігу, жүрек қағуы байқалуы мүмкін. Алайда көп жағдайларда балалар мен ата-аналарды косметикалық дефект мазалайды.
Емдеу. Айқын косметикалық дефект кезінде операцияға көрсеткіш 5 жастан асқанда пайда болады. Операциялық емнің бірнеше түрлері бар. Оның негізі – қабырғаның парастерналдық бөлігінің перихондралдық резекциясы, көлденең стернотомия, семсер тәрізді өсіндіні кесу. Киль тәрізді көкірек қуысының деформациясы кезінде операциялық ем жақсы нәтиже береді.
Қабырғалардың аномалиялары
Қабырғалардың аномалиялары қабырға шеміршегінің деформациясы немесе оның болмауы, екі еселенуі, синостоз, қабырғаның болмауы немесе кең ашылуымен байқалады.

Қабырғалардың кеуде бөлігінің екі еселенуі төс маңында алдыға шығып тұратын тығыз түзіліс түрінде көрінеді. Кейде осы жағдайды ісіктіқ үрдіспен ажыратуға тура келеді. Ем тек косметикалық дефект беретін деформациялар кезінде жүргізіледі. Операция мақсаты деформацияланған шеміршекті субхондралды резекциялау.


Паланд синдромы.
Паланд синдромы үлкен кеуде бұлшық етінің гипоплазиясы немесе аплазиясы, кіші кеуде бұлшық етінің бір жақты гипоплазиясымен сипатталады. Кейде аталған синдром кезінде қабырғаның болмауы, емізіктің гипоплазиясы немесе аплазиясы, сүт бездің аплазиясы, қолдың деформациясы байқалады. Диагностика сырттай қарауымен анықталады. Қабырғалардың жағдайын білу үшін рентгенография жасалады. Егер өкпелік жарықтың дамуына әкелетін айқын дефект кезінде сау жақтан аутотрансплантация жасалады. Кейбір хирургтар синтетикалық материалдарды қолданады. Жоқ бұлшық еттерді арқаның жалпақ бұлшық етімен алмастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет